Polaris pmc 0511ad, 5 л, 650 вт [41/59] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

41
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды
суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз
ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға
болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса
әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан
ұстаңыз.
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау
үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра
алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құралды пайдаланғанда айналасында бос орындардың жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Жиһаз, перделер сияқты өрт қауіптілігі бар нысандардан 15см қашықтықта болуы тиіс.
Құралды пайдаланғанда оны құрғақ, тегіс термоберік қабатқа орнатыңыз.
Құралды алғаш рет пайданалар алдында, бөгде иісті жою үшін мультипісіргіштің тостағанына
ең жоғары денгейіне дейін су толтырып, («Пісіру») максималды температуралық режимінде,
30 минут бойы суды қайнатуды ұсынамыз.
Күйіп қалмас үшін жұмыс істеп тұрған құралды ұстамаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін,
мультипісіргішті суытыңыз, кері жағдайда терінің күйіп қалу қаупі бар.
Құралды желіге қоспас бұрын, кернеуді тексеріңіз
Егер тағам әзірлемесеңіз, электр құралын желіге қосылған күйінде қалдырмаңыз.
Желіден ажыратар алдына қашанда құралды сөндіріңіз.
Құрал электр желісіне қосылып тұрғанда ешқашан құралды көтермеңіз/жылжытпаңыз.
Мультипісіргіштің жұмысы барысында ішкі кастрөлді ұстамаңыз .
Құралды тазарту үшін абразивті тазартқыштарды және агрессивті жуғыш құралдарды
пайдаланбаңыз.
Тағамды немесе суды мультипісіргіште ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Ішкі кастрөль мен сыртқы корпустың арасында бөгде заттар болмауы тиіс.
Күрішті әзірлеу барысында кастрөлдегі су деңгейін қадағалаңыз.

Содержание