Polaris pmc 0511ad, 5 л, 650 вт Инструкция по эксплуатации онлайн [45/59] 161688

Polaris PMC 0511AD Инструкция по эксплуатации онлайн [45/59] 335361
45
12. Бағдарламалардың жұмыс уақытын реттеу, сондай-ақ, бағдарламаларды («Пісіру»
бағдарламасынан басқа) таңдау кезінде батырмалардың ешқайсысын баспасаңыз, 10
секундтан кейін үзілмелі дыбыстық сигнал естіледі. Бұл жағдайды болдырмас үшін, әзірлеу
уақытын немесе қажетті бағдарламаны таңдау керек(«+», «-» немесе «Мәзір» батырмасын басу
арқылы), немесе әзірлеу режимін («Бастау» батырмасын басу арқылы) қосу керек, немесе
бағдарламаны алғашқы күйіне қайтару керек («Жылыту/Жою» батырмасын басу арқылы).
«Пісірме» Бағдарламасы
Пісірме тағамдарды әзірлеу үшін пісіруге арналған қамырды дайындап қойыңыз, кастрөлдің ішін
алдын-ала маймен немесе маргаринмен тегістеп жағып қойыңыз, содан кейін сол дайындаған
қамырды кастрөлдің ішіне салып, оны жаймалап қойыңыз. Кастрөлдің ішіндегі қамыр кастрөлдің
максималды сызығынан төмен жатқанына көз жеткізіңіз.
1. Мультипісіргішті желіге қосқан кезде автоматты түрде «Пісірме» Бағдарламасы шығады
(жұмыстың бастапқы режимі). Бұл режимді «Мәзір» батырмасына немесе «Жылыту /
Болдырмау» батырмасына басып, таңдай аласыз. Дисплейде «Пісірме» бағдарламасы үшін
белгілеп қойылған «01:00» пісіру уақыт белгісі шығады. Егер басқа уақыт орнатқыңыз
келсе «+»/«-» батырмаларын пайдаланып Сіз өзіңіз қалаған уақытты орната аласыз. Ықтимал
уақыт диапазоны 30 минуттан бастап 4 сағатқа дейінгі аралықта болуы
керек. «+» батырмасына әр басқан сайын пісіру уақытын 1 сағатқа жоғарылата аласыз, ал «-»
батырмасына әр басқан сайын 10 минутқа жоғарылата аласыз.
2. Қалаған реттеулеріңізді орнатып болған соң «Бастау» батырмасына басыңыз. «Бастау»
батырмасының жарық индикаторы жанады және мультипісіргіш белгіленген режимінде
әзірлей бастайды. Сондай-ақ «Жылыту» батырмасының индикаторлық шамы жанады. Бұл
мультипісіргіш әзірлеуді аяқтаған соң автоматты түрде «Жылыту» режиміне өтетінін
білдіреді. Жылытуды болдырмау үшін «Бастау» батырмасына тағы бір рет басыңыз.
«Жылыту» батырмасының жарық индикаторы өшеді.
3. Әзірлеу аяқталған соң дыбыстық сигнал естіледі, «Бастау» батырмасының индикаторы өшеді.
Егер «Жылыту» режимі кейінге қалдырылмаған болса, «Жылыту/ Болдырмау» батырмасының
индикаторлық шамы жанады, экранда мультипісіргіштің «Жылыту» режимінде тұрған
уақытының тікелей сандық есебі басталып, сан көрсеткіштері көрінеді. «Жылыту» режимін
өшіру немесе болдырмас үшін және жұмыстың алғашқы режиміне өту үшін «Жылыту/
Болдырмау» батырмасына басыңыз. Егер «Жылыту» режимі әзірлеу аяқталғанға дейін кейінге
қалдырылған болса, экранда «End» жазуы көрінеді. Мультипісіргішті жұмыстың алғашқы
режиміне ауыстыру үшін «Жылыту/ Болдырмау» батырмасына басыңыз.
Құрал өшкен соң 2-3 минут өткеннен кейін алдын-ала асханалық қолғаптарды киіп, кастрөлді
шығарып алыңыз, кастрөлді жайма ыдысқа немесе торға төңкеріп қойыңыз.
«Сорпа» бағдарламасы
Қажетті тұздық пен ингредиенттердің барлығын рецептураға сәйкес кастрөлге салыңыз. Содан
кейін қажетті су мөлшерін құйыңыз. Кастрөлді мультипісіргіштің ішіне орнатыңыз.
1. «Мәзір» батырмасы арқылы «Сорпа» режимін таңдаңыз. Дисплейде «Сорпа» бағдарламасына
белгілеп қойылған «01:00» уақытының сан белгісі көрінеді. Егер қажет болса «+»/ «-»
батырмалары арқылы қалаған уақытыңызды орнатыңыз. Ықтимал уақыт диапазоны 20
минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта. «+» батырмасын әр басқан сайын әзірлеу уақытын 1

Содержание