Polaris pmc 0511ad, 5 л, 650 вт Инструкция по эксплуатации онлайн [49/59] 161688

Polaris PMC 0511AD ЧЕРНЫЙ Инструкция по эксплуатации онлайн [49/59] 301443
49
«Макарондар» бағдарламасы
Кастрөлге қажетті мөлшерде су құйыңыз.
1. «Мәзір» батырмасы арқылы «Макарондар» режимін таңдаңыз. Дисплейде «Макарондар»
бағдарламасына белгілеп қойылған «00:08» уақытының сан белгісі көрінеді. Егер қажет
болса «+»/ «-» батырмалары арқылы қалаған уақытыңызды орнатыңыз. Ықтимал уақыт
диапазоны 5 минуттан 20 минутқа дейінгі аралықта. «-» батырмасын әр басқан сайын
әзірлеу уақытын 1 минутқа жоғарылата аласыз. « батырмасын әр басқан сайын
максималды немесе минималды әзірлеу уақытын орната аласыз. Осы бағдарламада уақытты
орнатқан кезде уақыттың кері санауы тек әзірлеудің жұмыс температурасына (100°С
шамасында) жеткенде ғана басталатынын есте сақтау қажет.
2. Қалаған реттеулеріңізді орнатып болған соң «Бастау» батырмасына басыңыз. «Бастау»
батырмасының жарық индикаторы жанады және мультипісіргіш белгіленген режимінде
әзірлей бастайды. Сондай-ақ «Жылыту» батырмасының индикаторлық шамы жанады. Бұл
мультипісіргіш әзірлеуді аяқтаған соң автоматты түрде «Жылыту» режиміне өтетінін
білдіреді. Жылытуды болдырмау үшін «Бастау» батырмасына тағы бір рет басыңыз.
«Жылыту» батырмасының жарық индикаторы өшеді.
3. Су қайнаған кезде, қақпақты ашыңыз, кастрөлдің ішіне тұз, дәмдеуіш пен тұздықтарды және
макаронды салыңыз. Содан кейін кастрөлдің қақпағын ашып тағамды әзірлеу керек.
4. Әзірлеу аяқталған соң дыбыстық сигнал естіледі, «Бастау» батырмасының индикаторлық шамы
өшеді. Егер «Жылыту» режимі кейінге қалдырылмаған болса, «Жылыту/ Болдырмау»
батырмасының индикаторлық шамы жанады, экранда мультипісіргіштің «Жылыту» режимінде
тұрған уақытының тікелей сандық есебі басталып, сан көрсеткіштері көрінеді. «Жылыту»
режимін болдырмас үшін және жұмыстың алғашқы режиміне өту үшін «Жылыту/ Болдырмау
» батырмасын басыңыз. Егер «Жылыту» режимі әзірлеу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылған
болса, экранда «End» жазуы көрінеді. Мультипісіргішті жұмыстың алғашқы режиміне
ауыстыру үшін «Жылыту/ Болдырмау» батырмасына басыңыз.
Маңызды: кастрөлдегі су белгіленген максималды деңгейден аспауы тиіс.
Кеңес: Бұл режимде тағамды әзірлеу үшін, камтрөлдегі судың деңгейі орташа деңгейден төмен
болуы тиіс. Сол кезде судың жұмыс температурасына дейін қызуы 12-15 минутты құрайды.
«Палау» бағдарламасы
Қажетті ингредиенттердің барлығын рецептураға сәйкес кастрөлге салыңыз. Кастрөлді
мультипісіргіштің ішіне орнатыңыз.
1. «Мәзір» батырмасы арқылы «Палау» режимін таңдаңыз. Дисплейде «Палау» бағдарламасына
белгілеп қойылған «01:00» уақытының сан белгісі көрінеді. Егер қажет болса «+»/ «-»
батырмалары арқылы қалаған уақытыңызды орнатыңыз. Ықтимал уақыт диапазоны 20
минуттан 3 сағатқа дейінгі аралықта. «+» батырмасын әр басқан сайын әзірлеу уақытын 1
сағатқа жоғарылата аласыз, «-» батырмасын әр басқан сайын әзірлеу уақытын 5 минутқа
жоғарылата аласыз. Бұл бағдарламада әзірлеу барысын бақылайтын алгоритм қолданылады.
Егер палау тағамы белгіленген уақытан бұрын пісіп, дайын болса, бағдарлама автоматты
түрде әзірлеу уақытының аяқталғанын күтпей-ақ, «Жылыту» режиміне өтеді (немесе өшеді,
егер сәйкес таңдау орындалған болса).

Содержание