Polaris pmc 0511ad, 5 л, 650 вт Инструкция по эксплуатации онлайн [51/59] 161688

Polaris PMC 0511AD Инструкция по эксплуатации онлайн [51/59] 335361
51
4. «Мәзір» батырмасы арқылы «Жарма» режимін таңдаңыз. Дисплейде «Жарма»
бағдарламасына белгілеп қойылған «00:50» уақытының сан белгісі көрінеді. Бұл
бағдарламада әзірлеу уақыты автоматты түрде реттеледі. Бағдарлама ботқа пісіп, дайын
болғанда өшеді.
5. Қалаған реттеулеріңізді орнатып болған соң «Бастау» батырмасына басыңыз. «Бастау»
батырмасының жарық индикаторы жанады және мультипісіргіш белгіленген режимінде
әзірлей бастайды. Сондай-ақ «Жылыту» батырмасының жарық индикаторы жанады. Бұл
мультипісіргіш әзірлеуді аяқтаған соң автоматты түрде «Жылыту» режиміне өтетінін
білдіреді. Жылытуды болдырмау үшін «Бастау» батырмасына тағы бір рет басыңыз.
«Жылыту» батырмасының жарық индикаторы өшеді.
6. Әзірлеу барысы аяқталғанға дейін бірнеше минут бұрын уақыттың кері санауы қосылып,
экранда көрінеді. Әзірлеу аяқталған соң дыбыстық сигнал естіледі, «Бастау» батырмасының
индикаторлық шамы өшеді. Егер «Жылыту» режимі кейінге қалдырылмаған болса,
«Жылыту/Болдырмау» батырмасының индикаторлық шамы жанады, экранда мультипісіргіштің
«Жылыту» режимінде тұрған уақытының тікелей сандық есебі басталып, сан көрсеткіштері
көрінеді. «Жылыту» режимін болдырмас үшін және жұмыстың алғашқы режиміне өту үшін
«Жылыту/ Болдырмау» батырмасына басыңыз. Егер «Жылыту» режимі әзірлеу аяқталғанға
дейін кейінге қалдырылған болса, экранда «End» жазуы көрінеді. Мультипісіргішті
жұмыстың алғашқы режиміне ауыстыру үшін «Жылыту/Жою» батырмасына басыңыз.
Маңызды: кастрөлдегі су белгіленген максималды деңгейден аспауы тиіс.
«Қыздыру» бағдарламасы
Бұл бағдарламаны дайын және суып қалған тағамды қыздыру, жылыту үшін қолданылады.
1. «Мәзір» батырмасы арқылы «Қыздыру» режимін таңдаңыз. Дисплейде «Қыздыру»
бағдарламасына белгілеп қойылған «00:10» уақытының сан белгісі көрінеді. Егер қажет
болса «+»/ «-» батырмалары арқылы қалаған уақытыңызды орнатыңыз. Ықтимал уақыт
диапазоны 5 минуттан 1 сағатқа дейінгі аралықта. «+» батырмасын әр басқан сайын әзірлеу
уақытын 1 сағатқа жоғарылата аласыз, «-» батырмасын әр басқан сайын әзірлеу уақытын 5
минутқа жоғарылата аласыз. Осы бағдарламада әзірлеудің температурасы 150°С -қа жеткен
кезде автоматты түрде өшетінін есте сақтау қажет.
2. Қалаған реттеулеріңізді орнатып болған соң «Бастау» батырмасына басыңыз. «Бастау»
батырмасының жарық индикаторлық шамы жанады және мультипісіргіш белгіленген
режимінде әзірлей бастайды. Бұл бағдарламада әзірлеу аяқталған соң «Жылыту» режиміне
өтету қарастырылмаған.
3. Әзірлеу аяқталған соң дыбыстық сигнал естіледі, экранда «End» жазуы көрінеді. .
Мультипісіргішті жұмыстың алғашқы режиміне ауыстыру үшін «Жылыту/ Болдырмау»
батырмасына басыңыз.
«Қыздырып пісіру» бағдарламасы
Қажетті ингредиенттердің барлығын рецептураға сәйкес кастрөлге салыңыз. Кастрөлді
мультипісіргіштің ішіне орнатыңыз.
1. «Мәзір» батырмасы арқылы «Қыздырып пісіру» режимін таңдаңыз. Дисплейде «Қыздырып
пісіру» бағдарламасына белгілеп қойылған «00:30» уақытының сан белгісі көрінеді. Егер
қажет болса «+»/ «-» батырмалары арқылы қалаған уақытыңызды орнатыңыз. Ықтимал уақыт

Содержание