Polaris pmc 0511ad, 5 л, 650 вт Инструкция по эксплуатации онлайн [54/59] 161688

Polaris pmc 0511ad, 5 л, 650 вт Инструкция по эксплуатации онлайн [54/59] 161688
54
температураның таңдалған мәні мультипісіргіштің жадына енгізіледі және осы режимін
келесі рет қосқан кезде көрінеді.
3. Әзірлеу аяқталған соң дыбыстық сигнал естіледі, «Бастау» батырмасының индикаторлық
шамы өшеді. Егер «Жылыту» режимі кейінге қалдырылмаған болса, «Жылыту/Болдырмау»
батырмасының индикаторлық шамы жанады, экранда мультипісіргіштің «Жылыту» режимінде
тұрған уақытының тікелей сандық есебі басталып, сан көрсеткіштері көрінеді. «Жылыту»
режимін болдырмас үшін және жұмыстың алғашқы режиміне өту үшін «Жылыту/Болдырмау»
батырмасына басыңыз. Егер «Жылыту» режимі әзірлеу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылған
болса, экранда «End» жазуы көрінеді. Мультипісіргішті жұмыстың алғашқы режиміне
ауыстыру үшін «Жылыту/Болдырмау» батырмасына басыңыз.
Ескерту:
Әзірленетін өнімнің табиғатына сай құралдың қақпағының орналасу күйін қадағалауыңызды
сұраймыз. Мысалы, макарон өнімдерін әзірлеу барысында мультипісіргіштің қақпағын ашық
қалдыру керек, себебі әзірлеу барысында көпіршіктер көп мөлшерде түзілуі мүмкін.
«Кейінге қалдырылған бастау» функциясы
«Кейінге қалдырылған бастау» функциясы әзірлеуді кейінге қалдыру үшін қолданылады. Бұл
функцияны таңдап, тағам қалаған уақытыңызда дайын болатындай, сізге қажетті әзірлеу уақытын
қалауыңызша орната аласыз.
Бағдарламаны таңдап, қалаған әзірлеу уақытын орнатып болған соң, «Кейінге қалдырылған
бастау» батырмасына басыңыз. Бұл бағдарламаға сәйкес жарық индикаторы жанады. «/ «-»
батырмалары арқылы диапазоны 24 сағатқа дейінгі қалаған әзірлеу уақытының мәнін орнатыңыз.
Және Сіз орнатқан уақыт тағамның әзірлену уақытынан кем болмауы тиіс. Мысалы, Сіз «Бұқтыру»
бағдарламасын таңдадыңыз және әзірлеу уақытын 2 сағат 30 минутқа қойып, орнаттыңыз, демек,
«Кейінге қалдырылған бастау» режимін қолдану тек, 2 сағат 30 минуттан асатын әзірлеу уақытын
кейінге қалдыру орнатылғанда ғана мүмкін болады.
«Бастау» батырмасына басыңыз. Орнатылған уақыт күту режимінде тұр. Содан кейін,
микропроцессор таңдалған бағдарламаны іске қосады және таймер уақыт санауын аяқтаған кезде
тағам дайын болады.
Қолданылатын ингредиенттердің дәм сапасын жоғалтып, сондай-ақ бүлдіріп алмас үшін әзірлеу
уақытын кейінге қалдыруды 9 сағаттан асырмау қажет.
Ескерту. «Макарондар» режимі үшін әзірлеу аяқталатын уақыт, тағам қажетті жұмыс
температурасына жеткенге дейін созылады .
«Жармалар» бағдарламасы үшін «Кейінге қалдырылған бастау» режимінде есептелінген 50 минут
уақыты қолданылады. Сондай-ақ режим әзірлеу шартына байланысты автоматты болып
табылады, әзірлеу процессі орнатылған уақыттан ертерек немесе кешірек аяқталуы мүмкін.

Содержание