Polaris pmc 0514ad [61/79] Бағдарламалардың сипаттамасы

61
Бағдарламалардың сипаттамасы
Мультипісіргіштің 0514AD 12 автоматты бағдарламасы және “Мультиаспаз көп функционалды
режимі бар.
Әзірлеу уақыты аяқталғаннан кейін құрал автоматты түрде температураны қолдау ЖЫЛЫТУ
режиміне ауысады (“ЙОГУРТ” бағдарламасын қоспағанда) егер бұл режим бұрыннан жойылмаған
болса. Бұл кезде «ЖЫЛЫТУ» жарық индикаторы жыпылықтай бастайды, сонымен, дисплейде
тағамды әзірлеу уақытының тікелей есебі басталады.
«Мультиаспаз» бағдарламасы
“Мультиаспаз бағдарламасы көп функционалды режимі болып табылады, ол Сізге әр түрлі
көптеген тағам әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл режимде жұмыс істеу үшін әзірлеудің қажетті
уақытын және температурасын қолмен орнату қажет.
- Құралды іске қосыңыз. Дисплейде мына - - - - символдар жанады.
- Қажетті қоспалардың барлығын рецептураға сәйкес, тостаққа салыңыз. «Құралды
пайдалану» тарауын басшылыққа алыңыз.
- Бұл бағдарламаны «МУЛЬТИАСПАЗ» батырмасына басып, активтеуге болады, сондай-
ақ, «МӘЗІР» батырмасына кезектеп басып, Мультиаспаз бағдарламаны іске қосыңыз.
Мультиаспаз бағдарламаны таңдап, батырмасына басқан кезде, панелде оған сәйкесінше
индикация жанады.
- Жыпылықтап тұрған таймерде уақыттың мәні көрсетіледі, осы режимге бекітілген уақыт
режимі бойынша тағамды әзірлеу уақыты - 5 минут.
- Тағамды әзірлеуге қажетті уақытты орнату үшін “САҒАТ” және “МИНУТТАР
батырмаларын қолданыңыз. Сонымен «САҒАТ» және «МИНУТТАР» батырмаларын
қолданып, тағамды әзірлеуге қажетті уақытты орнатыңыз. Сағатты 1 сағаттық
қадамымен орнатыңыз, ал минуттарды ауыспалы қадамымен орнату қажет.
- Әзірлеудің уақыт диапазоны 5 минуттан бастап до 45 дейін болса, уақытты - 1 минут
қадамымен орнатыңыз, әзірлеудің уақыт диапазоны 45 минуттан бастап 1 сағат 30
минутқа дейін болса - 5 минут қадамымен орнатыңыз, әзірлеудің уақыт диапазоны 1 сағат
30 минуттан басталып 3 сағатқа дейін болса - 10 минут қадамымен орнатыңыз, ал
әзірлеудің уақыт диапазоны 3 сағаттан бастап 12 сағатқа дейін болса 20 минут
қадамымен орнатыңыз. Сонымен әзірлеудің уақыт диапазоны, тағам әзірлеудің рецептіне
қарай өзгеруі мүмкін.
- Әзірлеу уақытты орнатқан кезде дисплейде таймер жыпылықтай бастайды. «САҒАТ»
және «МИНУТТАР» батырмаларына ұзағырақ бассаңыз, орнатылатын уақыттың мәнін
бірден өзгертуге мүмкіндік бар.
- Әзірлеу температураны орнатыңыз. Ол үшін “ТЕМПЕРАТУРА” батырмасына басыңыз,
сонымен индикаторындағы температураның мәні (бекітілген температураның режимі
бойынша - 120°С) шығып, жыпылықтай бастайды. “ТЕМПЕРАТУРА” батырмасына
кезектеп басып, қажетті температураның мәнін тағам әзірлеудің рецептіне қарай 35°С
градустан бастап 160°С градусқа дейін орнатыңыз. Температураның диапазоны 35°С
градустан бастап 110°С градусқа дейін болса температураны - 5°С қадамымен орнатыңыз,
сонымен 110°С градустан бастап 160°С градусқа дейін болса - 10°С градус қадамымен
орнатылады.
- Бағдарламаны іске қосу үшін «СТАРТ» батырмасына басыңыз. Содан кейін бір реттік
дыбыстық сигнал естіліп «Старт» жарық индикаторы жанады. Сондай-ақ, «Жылыту»
индикаторы жанады, бұл бағдарламаның жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, құрылғы
автоматты түрде «ЖЫЛЫТУ» режиміне өткенің білдіреді. Бағдарламаның ЖЫЛЫТУ

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения