Polaris ppc 0505ad [89/131] Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар

Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдалану керек.
Аталған құралды пайдаланардың алдында пайдалану бойынша басшылықты жақсылап
оқып шығыңыз.
Құралды әрбір қосардың алдында, оны жақсылап қарап шығыңыз. Құрал және желілік
сым зақымдалған жағдайда құралды розеткаға қоспаңыз.
Құрал мен желілік сым ыстық, тікелей күннің көзі түсетін және ылғалы жоқ жерлерде
сақталуы тиіс.
Құралды қадағалаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды пайдаланбайтын болсаңыз, оны
үнемі сөндіріп тастаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Аталмыш құрал, құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін
тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке
алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ және жүйке жүйесінде немесе психикалық,
физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
Құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану бойынша нұсқаулықпен мұқият
танысыңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен
құралды ұстауға болмайды. Құрал ылғалданса, бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде
қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші рет пайдаланар алдында оны білікті
маман тексеріп шығуы керек.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге есептелгендігіне көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілді қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге қосу қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электр техникалық нормаларға
сәйкес келуі тиіс. Стандартты емес тоқ көздерін немесе қосу құрылғыларын
пайдалануға болмайды.
Құралды желіден ажыратардың алдында орындалып жатқан бағдарламаны үнемі
тоқтатыңыз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды сүйiр бұрыштарға
соғылуыдан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып
қалса құралды әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан немесе ашылатын қақпағынан ұстап тасымалдауға болмайды.
Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден
ажыратқан кезінде оның штепсельді айыршасынан ұстаңыз.
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілді қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Пайдаланып болғаннан кейін, тоқпен қамтамасыз ету сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда
сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Құрал стандартты алынбалы тоқ көзінің сымымен жабдықталған. Өздігіңізден сымды
ауыстырғыңыз келсе, білікті маманнан кеңес алыңыз.
Біліксіз жөндеу жұмыстары пайдаланушыға тікелей қауіп төңдіреді.
89

Содержание