Polaris phd 2080ti [13/17] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
13
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерге тұйықтау бекітілген электротехникалық
нормаларға сәйкес келуі тиіс. Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу
құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстық ауаның тікелей күн
көзіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек. (құралды ешқашан суға
батырмаңыз). Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, бірден желіден
ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды суға
малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп
шығуы керек.
Пайдаланып болғаннан кейін, қондырмаларды орнатқанда немесе алғанда, құралды тазартқанда
немесе сынып қалса әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Балалар немесе мүмкіндігі шектеулі жандар құралды тек тікелей бақылау және қадағалаумен
ғана пайдалана алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс барысында құралдың қақпағы қатты қызады.
Құралды орнына салмас бұрын толықтай суытыңыз.
Құрал жұмыс істеп тұрғанда ауаның кіруіне және шығуына арналған саңылауды жаппаңыз. Бұл
құралдың қатты қызуына әкеп соғады.
Құралдың қызған бөлігіне ашаның тиіп кетуіне жол бермеңіз.
Қатты қызғанда құрал автоматты түрде сөнеді. Суығаннан кейін, бірнеше минуттан соң,
құралды қайта қосуға болады
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсель ашасынан
ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау
үшін сымды жақсылап жазыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра
алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Құралдың ішіне шаштың, шаң мен мамықтың түсіп кетуіне жол бермеңіз.
Құрал жұмыс істеп тұрғанда шашты сәндеуге арналған спрейлер мен лактарды қолданбаңыз.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін құрылғыны басқа да тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз
Құралды балалардың қолы жетпейтін жере сақтаңыз.
Құралды жасанды шаштарды немесе париктерді әсемдеу үшін пайдаланбаңыз.
Содержание
- Инструкция по эксплуатации 2
- Модель phd 2080ti 2
- Общие указания по безопасности 2
- Оглавление 2
- Фен электрический 2
- Специальные указания по безопасности данного прибора 3
- Сфера использования 3
- Комплектация 4
- Описание прибора 4
- Подготовка к работе и использование 4
- Информация о сертификации 5
- Технические характеристики 5
- Чистка и уход 5
- Зміст 7
- Мазмұны 12
- Моделі phd 12
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 12
- Электр фені 12
- Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар 12
- Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 13
- Жинақталуы 14
- Жұмысқа дайындау және пайдалану 14
- Пайдалану саласы 14
- Құралдың сипаттамасы 14
- Сертификаттау туралы ақпарат 15
- Тазарту және күту 15
- Техникалық сипаттамасы 15
Похожие устройства
- Polaris pks 0832dg Инструкция по эксплуатации
- Polaris phs 1129 Инструкция по эксплуатации
- Polaris phs 1203i Инструкция по эксплуатации
- Polaris phd 1463t Инструкция по эксплуатации
- Polaris pws 1836df Инструкция по эксплуатации
- Polaroid Z340E Инструкция по эксплуатации
- Polaroid zip Инструкция по эксплуатации
- Polaris pks 0832dg Инструкция по эксплуатации
- Polaris phb 0523 Инструкция по эксплуатации
- Polaris pws 1836df Инструкция по эксплуатации
- Polaris pwk 1843ca Инструкция по эксплуатации
- Polaris phs 2090k Инструкция по эксплуатации
- Polaris fde-30v Инструкция по эксплуатации
- Polaris ps 65vr Инструкция по эксплуатации
- Polaris puh 2204 Инструкция по эксплуатации
- Polaris puh 3204 Инструкция по эксплуатации
- Polaris pcsh 1020 hd Инструкция по эксплуатации
- Polaris PUH 3005Di Инструкция по эксплуатации
- Polaris pksh 0508h Инструкция по эксплуатации
- Polaris pcdh 2116 Инструкция по эксплуатации