Polaris pwk 1864ca [25/29] Тазарту және күту

Тазарту және күту
Құралды тазарту:
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп, ол суығанша күтіңіз.
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе қуат көзінің түпқоярын суға салмаңыз
және ағып тұрған судың астында ұстамаңыз.
Электр қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Құралдың сыртын алдымен дымқыл шүберекпен, содан кейін құрғақ
сулықпен сүртіңіз. Абразивті жуғыш құралдарды және метал талшықтардан
жасалған тырмалайтын губкаларды қолданбаңыз.
Құрал сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған, қыздыру элементімен
жабдықталған. Мұндай конструкция шәйнектің ішкі қабатын тазарту
қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.
Алынбалы көп мәрте пайдаланылатын сүзгі мерзімді түрде тазартып тұруды
қажет етеді. Тазартудың жиілігі судың қаттылығына және құралды
пайдалану жиілігіне байланысты. Тазарту, сүзгіде қақ тұрып қалғанда және
шәйнектен судың ағуы қиындағанда жасалады.
Су тым қатты болса, қақ пен тұнбалар қайнауға арналған сыйымдылықта да
түзілуі мүмкін. Бұл жағдайда қақтан тазарту қажет.
Қақтың пайда болуы құралдың қыздыру элементің қатты қыздырып жіберу
немесе істен шығарып бұзу мүмкін.
Қақтан тазарту жөнінде нұсқаулық:
Қақтың пайда болуы судың қаттылығына байланысты. Суды қайнатуға
арналған сыйымдылықта қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде
тексеріп, дер кезіне тазарту қажет.
Шәйнекті қақтан жүйелі түрде, мүмкіндігінше айына 1 рет тазартып
тұрыңыз. Егер сіз қолданатын суыңыз қатты болса, айына 1 реттен жиірек
тазартуға кеңес береміз.
Егер сіздің шәйнегіңіз су қайнағанға дейін сөніп қалатын болса, бұл,
шәйнекті қақтан тазарту керектігін білдіреді.
Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін лимон қышқылының ерітіндісін
пайдалануға болады:
25г. Лимон қышқылын 0,5л. ыстық сумен араластырыңыз.
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз.
15 минутқа қалдырыңыз.
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Немесе сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады:
25

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения