Polaris pmg 1707 [15/27] Жұмысқа дайындау және пайдалану

Polaris pmg 1707 [15/27] Жұмысқа дайындау және пайдалану
15
Жұмысқа дайындау және пайдалану
Құралды бірінші рет пайдаланар алдында
Құралдың сыртынан орайтын барлық материалдарды алып тастаңыз. Құралдың сыртқы
бетінен барлық жапсырмаларды алыңыз.
Құралдың тағаммен жанасатын барлық бөлшектерін (сыртқы бетінен басқа) сабынды жылы
суда жуып, жақсылап кептіріңіз.
Аздаған өсімдік майымен пышақтың (9) және тот баспайтын болаттан жасалған
торшалардың (10), (11) және (12) беттік қабаттарын майлаңыз.
Іске қосудан бұрын құралдың желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Ет тартқыштың өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Құралды құрастыру
Еттартқыштың сыртқы корпусынан (4) ұстап, алынбалы жұмысшы блогын (7) құралдың
сыртқы жағында орналасқан ұяшыққа 45
о
бұрыш астында орнатыңыз. Содан кейін жұмысшы
блогын солға қарай, сағат тіліне қарсы бағытта, тырс еткен дыбыс шыққанша бұрап, бекітіңіз
Шнекті (8) алынбалы жұмысшы блокқа (7) қондырыңыз.
Шнекке (8) крест тәрізді пышақты (9) кесетін жағын торшаға қарайтындай етіп, қондырыңыз.
Пышақтан кейін (9) шнеке (8) торшалардың бірін (10), (11), (12) кигізіңіз. Камерадағы
шығыңқы жері торшаның ойықтарына дәл келіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақиналы гайканы (13) бұрап, орнатыңыз.
Назар аударыңыз! Сақиналы гайканы (13) қатты тартпай орнатыңыз.

Содержание