Redmond ruc-01 [13/16] Электр розеткасында кернеу

Redmond ruc-01 [13/16] Электр розеткасында кернеу
13
RUC-01
KAZ
13
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Құралдың аккумуляторы толық қуат алғанына көз жеткізіңіз. Ол үшін батырмасын
басыңыз. Құрал дыбыс шығарады, индикаторлары жарқылдайды және аккумулятордың
қуат алу деңгейін көрсетеді. Егер барлық төрт индикатор жанса, аккумулятор толық қуат
алды дегенді білдіреді. Бір жанып тұрған индикатор аккумулятордың қуаты сыни түрде
төмен екендігін білдіреді. Қажеттілігіне қарай құралды желілік адаптер арқылы электр
желісіне қоса отырып, аккумуляторды қуаттаңыз.
Аккумуляторды қуаттау кезінде желілік адаптердің тұрқында қызыл индикатор жанады.
Құралдың аккумуляторы толық қуат алған кезде, қызыл индикатордың орнына жасыл жанады.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз! Бұйымда сериялық
нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан автоматты түрде айырыласыз.
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жалпы ұсынымдар
1. Егер моноциклдың бастауыш пайдаланушысы болсаңыз, міндетті түрде жаттықтыру
дөңгелектерін, қорғаныс жабдығы мен жарақат алу және құлау қаупін төмендету үшін
қауіпсіз белбеуін қолданыңыз.
2. Қозғалыс кезінде тепе-теңдікті жеңілдету үшін сіз қолдарыңызды екі жаққа ажырата
аласыз.
3. Моноциклды жүргізуді үйрену кезінде мыналарды болдырмау керек:
соқпалы, сырғыма немесе ылғалды бет бойынша және 15° астам еңісті бетпен
қозғалу;
қатты қимылдар және қозғалудың жоғары жылдамдығы;
қарама-қарсы жел кезінде жүру.
4.
Моноциклдың жүру қашықтығын арттыру үшін қозғалыс жылдамдығы 10 км/сағ
аспаған кезде тегіс жазықтық бойынша қозғалуға тырысыңыз. Қатты кесінді еңістері
бар жазықтық бойынша қозғалмаңыз, себебі бұл құралдың жұмысында ақаулық ту-
дыруы мүмкін.
5.
Моноциклды ұсынылған диапазонға келетін температура кезінде қолданыңыз,
сақтаңыз және қуаттаңыз. Бұл құралдың қолдану мерзімін ұзартады
Құралды пайдалану
1.
Қозғалысты шектейтін жасанды кедергілер жоқ ашық тегіс жазықтықты таңдаңыз.
Моноциклды тұтқасынан ұстай отырып, оны тік күйге келтіріңіз. Аяғыңызды моно-
циклдың қайырмалы басқышына қойыңыз. 3 секунд бойы батырмасын басыңыз
және ұстап тұрыңыз. Құрал дыбыс шығарады, индикаторлар жарқылдайды және
аккумулятордың қуат алу деңгейін көрсетеді.
Құралды аккумуляторының қуаты төмен кезінде қолдануға болмайды, себебі аккуму-
лятордың қуат алуы кезінде құралдың кенеттен өшуі жарақатқа алып келуі немесе
құлап қалуыңыз мүмкін.
2.
Құралдың тұтқасындағы қауіпсіздік белбеуін бекітіңіз. Қолайлы жайға келгенше
белбеудің ұзындығын реттеп алыңыз.
3.
Ауырлық орталығын басқыштағы аяққа ауыстырыңыз, екінші аяқпен жаймен шалқай-
ыңыз және оны бос басқышқа тез қойыңыз. Тепе-теңдікті сақтау үшін мұны өте
жылдам жасау керек екендігін ескеру керек.
4.
Қозғалыс уақытында тұрқыны алға қарай ақырын иіп тұрыңыз. Аяқты құралдың
тұрқындағы резеңке қаптамаға тығыз қысып ұстаңыз.
5.
Оңға немесе солға бұрылу үшін ауырлық орталығын тиісті аяққа баяу ауыстыру керек.
6. Тежеу үшін ақырын артқа шалқайыңыз.
Құралды қолдану кезінде қатты қимылдардан сақ болыңыз!
7. Құралды ажырату үшін батырмасын басыңыз.
III. АСПАП КҮТІМІ
Құралды әр қолданған сайын тазалаңыз. Құралдың тұрқын, негізгі және жаттықтыру
дөңгелектерін ылғалды шүберекпен сүртіп отырыңыз.
Құралды тазалау кезінде қатты губка, абразивті және химиялық агрессивті құрал-
дарды қолданбаңыз.
Сақтау алдында құралды тазалаңыз және кептіріңіз, аккумуляторын қуаттаңыз. Қуаты
таусылған күйінде аккумуляторды ұзақ уақыт бойы сақтау оның сынуына алып келуі
мүмкін. Құралды құрғақ желдетілетін жерде қыздырғыш құралдар мен күн сәулесінен
алыс жерде сақтаңыз.
I V. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Мүмкін болатын себептері Жою тәсілдері
Құрал қуат ал-
майды
Желілік адаптер құралға және/
немесе электр желісіне қосыл-
маған
Желілік адаптерді құралға және
электр желісіне қосыңыз
Электр розеткасында кернеу
жеткіліксіз
Құралды дұрыс істеп тұрған электр
розеткасына қосыңыз

Содержание

Скачать