Samsung LE46D551K2W [56/65] Дк және аудио құрылғыға қосылу

Samsung LE46D551K2W [56/65] Дк және аудио құрылғыға қосылу
Қазақша - 8
ДК және аудио құрылғыға қосылу
¦ Бар құрылғылар: Сандық аудио жүйе, дыбыс күшейткіш құрылғы, DVD үй театры
OPTICAL
Аудио қосылым
Оптикалық (Сандық) қосылым немесе құлақаспап қосылымы
DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL)
x
Сандық аудио құрылғыны DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL) ұяшығына жалғаған кезде, теледидар мен
құрылғының екеуінің де үнділігін азайтыңыз.
x
Теледидарды 5.1 CH арнасын қолдайтын сыртқы құрылғыға жалғаған кезде, 5.1 CH (арна) аудио
функциясына қолдау көрсетіледі.
x
Ресивер (үй театры) қосулы тұрғанда, теледидардың оптикалық ұяшығынан дыбыс шыққанын
естисіз. Теледидар DTV сигналын қабылдаған кезде, 5.1 арналық дыбысты үй кинотеатрының
ресиверіне жібереді. Сигнал көзі теледидарға HDMI арқылы жалғанған DVD / Блю-рей ойнатқышы /
кабель қорапшасы / Жерсерік ресивері сияқты сандық құрамдас бөлік болып табылса, үй театрының
қабылдағышынан тек 2 арналық дыбыс шығады. Егер 5.1 CH аудиосын тыңдағыңыз келсе, DVD /
Блю-рей ойнатқыш / кабель қорапшасы / жерсерік ресиверінің сандық аудио шығыс ұяшығын, дыбыс
күшейткішке немесе үй театрына тура жалғаңыз.
Құлақаспап
H
: Құлақаспапты құрылғының құлақаспап қосылатын ұяшығына жалғауыңызға болады.
Құлақаспап қосылып тұрған кезде, кіріктірілген үндеткіштерден дыбыс шықпайды.
x
Құлақаспапты теледидарға жалғаған кезде үнділік функциясын қолдануға шек қойылуы мүмкін.
x
Құлақаспап үнділігі мен теледидар үнділігі жеке-жеке реттеледі.
[LD550-580-RU UA]BN68-03397H-L04.indb 8 2011-02-28 �� 1:59:11

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения