Stark Impress Strong — смартфонды интернетке қосу: нұсқаулық және кеңестер [30/40]
![Stark Impress Strong Инструкция по эксплуатации онлайн [30/40] 165117](/views2/1189681/page30/bg1e.png)
желісіне алғаш рет қосылған кезде смартфон автоматты
түрде оператордан Интернетке кіру нүктесін күйіне
келтіруді алады. Интернетке кіру үшін Сізге деректерді
беруге арналған қосылысты таңдап алу қажет. Ол үшін
«Баптаулар» > «Мобильді деректер» дегендерге өтіңіз
және Интернетке кіру үшін қолданылатын SIM-картаны
таңдап алыңыз. Сондай-ақ Сіз деректер беруді жылдам
қосу және ажырату үшін ескертпелер панелін пайдалана
аласыз.
Wi-Fi күйіне келтіру және қосылу
Жаңа қосылысты күйіне келтіру үшін «Баптаулар»
дегенді таңдаңыз. Күйіне келтіру менюінен «Wi-Fi»
тармағын таңдап алыңыз. Егер Wi-Fi модулі сөндірулі
тұрса, сол тармақты таңдап, оны қосыңыз. Құрылғы
экраннан табылған қолжетімді сымсыз желілер тізімін
көрсетеді. Сіз қосылғыңыз келетін желіні таңдап алыңыз,
содан кейін қажетті ақпаратты (логин/кілтсөз) енгізіңіз
және «Қосылу» белгісін басыңыз. Құрылғы Сіз енгізген
параметрлерді пайдаланып, таңдап алынған желімен
қосылуға тырысады. Сондай-ақ Сіз Wi-Fi модулін
жылдам қосу және ажырату үшін ескертпелер панелін
пайдалана аласыз.
ЕСКЕРТУ. Wi-Fi ашық желісіне қол жеткізу үшін дерек-
терді енгізу қажет емес. Қорғалған желілерге қосылу
үшін логин және/немесе кілтсөз енгізу қажет, оны сол
желінің провайдерінен анықтап алған жөн.
Компьютермен жұмыс істеу
Смартфонды USB-кабельдің көмегімен компьютерге қо-
сыңыз және жаңа құрылғының драйверінің орнатылуын
күтіңіз, әдепкі түрде смартфон ықшам медиа-құрылғы
(МТР) ретінде қосылады. Енді Сіз файлдарды смартфон-
нан компьютерге және керісінше бағытта көшіре аласыз.
Сіз қосылу тәсілін өзгерте аласыз, бұл үшін ескертпелер
панелін ашыңыз, «Сақтау құрылғысы ретінді қосылған..»
түймесін басыңыз да, қосылу тәсілін таңдаңыз.
Похожие устройства
-
Stark Impress Cool blackИнструкция по эксплуатации -
Stark Impress Cool goldИнструкция по эксплуатации -
HTC TitanИнструкция по работе -
Xiaomi Mi 4Руководство по использованию -
Nokia 5250 Dark GreyИнструкция по эксплуатации -
Nokia C7-00 Charcoal BlackРуководство по эксплуатации -
Alpha Geo S60III PROРуководство по эксплуатации -
Alpha Geo S60III PROРуководство по быстрому старту -
Samsung GT-B7300 Omnia LITE Noir BlackИнструкция 8 -
Samsung GT-B7300 Omnia LITE Noir BlackИнструкция 7 -
Samsung GT-B7300 Omnia LITE Noir BlackИнструкция 6 -
Samsung GT-B7300 Omnia LITE Noir BlackИнструкция 5
Смартфонды интернетке қосу және Wi-Fi желісіне қосылу туралы толық нұсқаулық. Деректерді беру, параметрлерді күйіне келтіру және компьютермен жұмыс істеу.