Zanussi zob 21301 cr [7/52] Қосымша функциялар

Zanussi zob 21301 cr [7/52] Қосымша функциялар
Құрылғының ішкі температурасы
жоғарылай бастаған кезде
температура индикаторы жанады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары тетігі мен температура
тетігін "Сөндірулі" қалпына бұраңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Шам
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Дəстүрлі пісіру /
Сумен тазалау
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін. Үстіңгі жəне
астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта іске қосылады.
Сумен тазалау функциясына қатысты толық ақпаратты "Күту
менен тазалау" тарауынан қараңыз.
Желдеткішпен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше сөреге қойып,
иістерін сіңірмей қуыру немесе қуырып-пісіруге арналған.
Гриль жасау
Жайпақ тағамды аз мөлшерде сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Сағат фунциялары
Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ
уақытын орнату үшін осы функцияны
пайдаланыңыз.
Бұл функция тұмшапештің жұмысына
ешбір əсер етпейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін бұрап,
содан кейін қажетті уақыт мерзіміне
бұраңыз.
3. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын
алады. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін
тұмшапеш қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
7
www.zanussi.com

Содержание

Скачать