Zanussi zob 21301 lr Инструкция по эксплуатации онлайн [13/52] 167461

Zanussi zob 21301 cr Инструкция по эксплуатации онлайн [13/52] 167460
Сумен тазалау
Сумен тазалау функциясы тұмшапештегі
майдың жəне тағамның қалдықтарын
тазалау үшін буды пайдаланады.
1. Тұмшапештің астында орналасқан су
сауытына 300 мл су құйыңыз.
2.
Тұмшапештің функциясын
орнатыңыз.
3. Температураны 90 °C градусқа
қойыңыз.
4. Құрылғыны 30 минут қосып қойыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріңіз де, салқындатып
қойыңыз.
6. Құрылғы салқындаған кезде,
тұмшапештің ішкі беттерін шүберекпен
тазалаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
ұстамай тұрып, салқындағанына көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері бар.
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған кезде абай
болыңыз. Электр тоғы соғу қаупі бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына жəне шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы жұғып күймес
үшін, галоген шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш
шамын салыңыз.
Шамның дəл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4. Шыны қалпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапеш есігінің екі шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін жəне ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, ішкі шыны панелін алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай)
қарай жабыңыз.
Есікті алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз.
4
Есікті жұмсақ
мата төселген
орнықты жерге
қойыңыз.
13
www.zanussi.com

Содержание

Скачать