Zanussi zgx 565414 w [8/44] Күту менен тазалау

Zanussi zgx 565414 w [8/44] Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Кəстрөл
саптарының пісіру алаңының алдыңғы
қырының үстінде емес екеніне көз
жеткізіңіз. Кəстрөлдерді барынша орнықты
етіп қою жəне газды мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кəстрөлдерді
шеңберлердің ортасына қойыңыз.
Орнықсыз жəне түбі деформацияланған
кəстрөлдерді ішіндегісі төгіліп, адам
жарақат алмас үшін шеңберлерге
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Жалын
шашыратқышты пайдаланбаңыз.
Қақпақ (алдын ала орнатылған пеш
үстілеріне арналған жеке жинақ)
Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан
қорғайды, ашық тұрғанда шашыраған
майды жинайды. Оны басқа мақсатта
пайдаланбаңыз.
Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
Қақпақты жаппай тұрып, құрылғының
суығанына көз жеткізіңіз.
Шыны қақпақтар ыстық тұрған кезде
шытынап кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тазалардан бұрын сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз. Құрылғыны тазалау
немесе жөндеу жұмыстарын жүргізердің
алдында оны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғының бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін
таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы
мен шілтерін сабыны бар
сумен жуып, орнына қайта қояр алдында
жақсылап құрғатыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш
машинада жууға арналмаған. Оларды
қолмен жуу керек.
Эмальмен қапталған ыдыстан кейде
жолақ қалуы мүмкін, сондықтан, ыдыс
тірегін қолмен жуып, кептірген кезде
байқаңыз. Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз
жеткізіңіз.
8
www.zanussi.com

Содержание

Скачать