LG 60UF771V [58/150] Қабырғаға орнату

LG 60UF771V [58/150] Қабырғаға орнату
12
ҚАЗАҚША
Теледидар артындағы қабырға кронштейні мен
сақиналы болттардың орнын сəйкестендіріңіз.
3 Сақиналы болттарды жəне қабырға кронштейндерін
мықты баумен тартып байлап қойыңыз. Бауды тегіс
бетке көлденеңінен ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ
Балалардың теледидарға шықпауын жəне асылып
тұрмауын қадағалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Теледидар теңселмей тұратын мықты жəне үлкен
үстел немесе түпқойманы пайдаланыңыз.
Кронштейн, тростар, болттармен жабдықталмайды.
Косымша керек-жарақтарды жергілікті диллерлерден
бөлек сатып алуыңызға болады.
Қабырғаға орнату
Теледидардың артындағы қабырғаға бекіту кронштейнін
орнатып, кронштейнді еденге перпендикуляр қабырғаға
орнатыңыз. Теледидарды басқа құрылыс бөліктеріне
орнату үшін, білікті мамандарға хабарласыңыз. LG
компаниясы қабырғаға бекітуді білікті кəсіби орнатушы
орындауын ұсынады. LG компаниясының қабырғаға бекіту
кронштейнін пайдалануды ұсынамыз. LG компаниясының
қабырғаға бекіту кронштейнін пайдаланбағанда құрылғы
мен қабырға арасында сыртқы құрылғыға қосылым үшін
жеткілікті орынды қамтамасыз ететін қабырғаға бекіту
кронштейнін пайдаланыңыз.
10 см
10 см
10 см
10 см
Міндетті түрде VESA стандартына сəйкес келетін
бұрандаларды жəне қабырғаға бекіту қапсырмасын
қолданыңыз. Қабырғаға бекіту жинақтарының стандартты
өлшемдері төмендегі кестеде берілген.
Бөлек сатылады (қабырғаға бекіту қапсырмасы)
A
B
ЕСКЕРТУ
Алдымен қуатты ажыратыңыз, содан кейін
теледидарды жылжытыңыз немесе орнатыңыз.
Əйтпесе, электр тоғы соғуы мүмкін.
Теледидарды қабырғаға бекітпестен бұрын тіректі
бекітуді керісінше орындау арқылы тіректі алыңыз.
Төбеге немесе қисық қабырғаға орнатылса, теледидар
құлап, ауыр жарақат тудыруы мүмкін.
Рұқсат етілген LG қабырға бекіткішін пайдаланыңыз
жəне жергілікті дилерге немесе білікті қызметкерлерге
байланысыңыз.
Бұрандаларды тым қатты бұрамаңыз: теледидар
зақымданып, кепілдік күшін жоюы мүмкін.
VESA стандартына сəйкес келетін бұрандалар мен
қабырға бекітпелерін қолданыңыз. Дұрыс қолданбау
немесе сəйкес келмейтін қосалқы құралды пайдалану
нəтижесінде болған зақымдар мен жарақаттар
кепілдікке кірмейді.
ЕСКЕРТПЕ
VESA стандартты бұранда сипаттамаларында
берілген бұрандаларды ғана пайдаланыңыз.
Қабырғаға бекіту жинағына орнату нұсқаулығы мен
қажетті бөлшектер кіреді.
Қабырғаға бекіту қапсырмасы қосымша бөлшек болып
табылады. Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті
дилерден алуға болады.
Бұрандалардың ұзындығы қабырға бекітпесіне
байланысты əртүрлі болуы мүмкін. Дұрыс ұзындықтың
таңдалғандығына көз жеткізіңіз.
Қосымша ақпаратты қабырғаға бекіту тетігімен
берілген нұсқаулықтан қараңыз.
Қабырғаға бекіту қапсырмасын орнатқанда, қорғағыш
жапсырманы пайдаланыңыз. Қорғағыш жапсырма
саңылауды жиналатын шаң мен ластан қорғайды. (Тек
келесі түрдегі зат қамтамасыз етілгенде)
Қамтамасыз етілген зат
Қорғағыш жапсырма
Теледидарға үшінші тараптың қабырғаға бекіту
кронштейнін бекіткенде, қабырғаға бекіту қабаттарын
теледидарды бекіту тесіктеріне салып, теледидарды
тік бұрышпен дұрыстаңыз. (Тек келесі түрдегі зат
қамтамасыз етілгенде)
Үлгі 40/43UF77**
49/55UF77**
49/55UF85**
55UF95**
55UG87**
VESA (A x B)
200 x 200 300 x 300
Стандартты бұранда
M6 M6
Бұрандалар саны
4 4
Қабырғаға бекіту
қапсырмасы
LSW240B
MSW240
LSW350B
MSW240
Үлгі
60/65UF77**
60/65UF85**
65UF95**
65UG87**
70UF77**
VESA (A x B)
300 x 300 600 x 400
Стандартты бұранда
M6 M8
Бұрандалар саны
4 4
Қабырғаға бекіту
қапсырмасы
LSW350B LSW640B

Содержание

Скачать