Saeco HD8888/19 Series Intelia Deluxe [5/40] Қазақша

- Ыстық су ағынын дене ешқашан денеге тікелей қаратпаңыз: күю қауіпі.
- Ыстық беттерді қолмен ұстауға болмайды. Ұстағыштарды және тұтқаларды қолданыңыз.
- Штепсельдік ұшты розеткадан ажыратыңыз:
- Егер ақау пайда болса.
- Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса.
- Құрылғыны тазаламас бұрын.
- Ток сымын емес, штепсельді тартыңыз. Қуат штепселін сулы қолмен ұстауға болмайды.
- Қуат штепселі, ток сымы немесе құрылғының өзі зақымданған болса, құрылғыны қолданбаңыз.
- Құрылғыға немесе оның ток сымына ешқандай өзгертулер енгізбеңіз. Қатердің алдын алу
үшін Philips компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығында жөндетуге ғана болады.
- Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса
және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар
және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар
пайдалана алады.
- 8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.
- Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
- Ашаға су тигізбеңіз.
- Қате пайдалану нәтижесіндегі мүмкін жарақаттың алдын алу үшін, құрылғыны тек
пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз.
- Кофе тартқышқа саусақ немесе басқа заттарды ешқашан салмаңыз.
- Құрылғыдағы қақты алғанда, AquaClean сүзгісін әрқашан су ыдысынан алып тастаңыз.
Содан соң бүкіл су ыдысын жақсылап тазалап, сүзгісін ауыстырыңыз.
Ескерту
- 8 AquaClean сүзгілерін дұрыс жолмен пайдаланған жағдайда, 5000 шыны кезеңінде қақты
алу қажет емес (құрылғыда көрсетілгендей 100 мл шыны және 8 сүзгіні ауыстыру негізінде).
- Су азық өнімі болып табылатындықтан, су ыдысындағы су 1-2 күн ішінде пайдаланылуы тиіс.
- Кофе құрылғысын ұзақ уақыт бойы (мысалы, демалыс кезінде) қолданбайтын болсаңыз,
AquaClean сүзгісі ішінде қалған суды төгіп тастауды ұсынамыз. Кофе құрылғысын қайтадан
қолданбас бұрын, Aquaclean сүзгісін алып, су багын тазалаңыз да қолмен шаю циклін
орындаңыз. Одан кейін AquaClean сүзгісін дайындаңыз.
- Құрылғының автоматтық капучинаторынан басқа, алынбалы бөлшектерінің ешқайсысын
ыдыс жуу машинасына салмаңыз.
- Бұл құрылғы тек үйде пайдалануға арналған. Ол асханаларда, дүкендердің, кеңселердің,
фермалардың немесе басқа жұмыс орталарының қызметкерлердің ас үйлері сияқты
орталарда пайдалануға арналмаған.
- Құрылғыны әрдайым тегіс, жайлы бетке қойыңыз.
- Құрылғыны ыстық беттерге, ыстық пештің, қыздырғыштың немесе ұқсас ыстық көзінің
жанына қоюға болмайды.
- Кофе дәнінің контейнеріне тек қуырылған кофе дәндерін ғана салыңыз. Егер кофе дәнінің
контейнеріне ұнтақталған кофе, еритін кофе, өңделмеген кофе дәндері немесе кез келген
басқа зат салынса, ол құрылғыны зақымдауы мүмкін.
- Кез келген бөлігін енгізбес немесе шығармас бұрын құрылғының суығанын күтіңіз.
- Су ыдысын толтыру үшін ешқашан жылы немесе ыстық суды пайдаланбаңыз.
Суық көбіршіксіз ішетін суды пайдаланыңыз.
- Тазалауға арналған ұнтақпен немесе қатты тазалағыш құралымен ешқашан тазаламаңыз.
Сумен дымқылданған жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
- Құрылғының қағын жүйелі түрде тазалап отырыңыз. Қақты тазалау қажет болған кезде
құрылғы көрсетеді. Егер құрылғыны тазаламасаңыз және қағын алмасаңыз, құрылғы жұмыс
істеуінің тоқтау және кепілдігіңіздің жарам болу қауіпі пайда болады.
ҚАЗАҚША 5

Похожие устройства

Скачать