Scarlett SC-AC1001N [5/5] Kaz пайдалану нұсқаулығы

Scarlett SC-AC1001N [5/5] Kaz пайдалану нұсқаулығы
5
KAZ ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін
және біздің компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану
нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT
компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде
пайдаланған және іске пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін
ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен
бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның
қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚУАТ ЭЛЕМЕНТІН ОРНАТУ
Бұл кварц сағаттарында 2 АА түрлі 1,5 Вольттық батарейки қолданылады.
Пайдалану мерзімі ұзақ әрі төгілу салдарынан туатын коррозиядан қорғалған
алкалиновые батарейкаларды пайдалану ұсынылады.
Қуат элементтері бөлімінің қақпағын ашыңыз.
Батарейканы бөлім қақпағының ішкі жағында көрсетілген қарама-қарсылыққа сәйкес
орнатыңыз.
Егер бұйым біраз уақыт бойы 0ºC төмен температуралы ортада тұрса, оны қосудың
алдында бөлме жағдайында 2 сағаттан кем болмайтындай ұстау қажет.
Өндіруші қосымша ескертусіз бұйым қауіпсіздігі, жұмысы мен қызметіне әсер
етпейтіндей, құрылымына шамалы өзгерістер енгізуге құқылы.
САҒАТЫҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНУ
Дұрыс уақытты уақыт орнату дөңгелегінің көмегімен орнатуға болады.
Қоңырау сағаттың іске қосылатын уақытын қоңырау сағат дөңгелегінің көмегімен
орнатыңыз.
Қоңырау сағаттың сигналы оны өшіргенше жұмыс істей береді. Қоңырау сағатты
өшіру үшін қоңырау сағаттағы сигналды өшіру түймешігін басыңыз.
Жарықтама функциясын іске қосу үшін жарықтама түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Жарықтама функциясы түймешікті басып ұстап тұрған кезде жұмыс істейді.
КВАРЦ САҒАТТАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Өзіндік дизайн.
Сенімді сағат механизмі.
Үлкейтілген циферблат.
Оятқыш сигналы өшірілгенше естіледі.
Батареяларды ауыстыру жеңілдігі.
2 АА түрлі 1,5 Вольттық батареядан жұмыс істеу (жинаққа қосылмаған).
Жарықтандыру функциясы
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Қуат элементі
АА 1,5 V
Нетто/ брутто салмағы:
SC-AC1001N
0.16 кг / 0.22 кг
Қорап өлшемдері ( Ұ х Б х Е ):
SC-AC1001N
108 x 60 x 90 мм
Скачать