Scarlett SC-SS36B01 [23/26] Белгіше матаның түрі
![Scarlett SC-SS36B01 [23/26] Белгіше матаның түрі](/views2/1210807/page23/bg17.png)
IM012
www.scarlett.ru SC-SS36B01
23
Электр тоғы соғуына және от тұтануына жол бермеу үшін аспапты және қорек сымын суға немесе басқа
сұйық заттарға матырмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны дереу электр
желісінен ажыратыңыз да, тексеру үшін Сервис орталығына хабарласыңыз.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік
берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Аспап электр желісіне қосулы тұрғанда оны қараусыз қалдыруға болмайды.
Үтіктеу арасындағы үзілістерде оны тек тұғырына қойыңыз. Оны металдан жасалған немесе кедір-бұдыр
беткі қабаттарға қоймаған жөн.
ЕСКЕРТУ: Электр желісіне асқын жүк түсуіне жол бермес үшін аспапты бір электр желісіне басқа қуатты
электр аспаптарымен бір мезгілде жалғамаңыз.
Егер үтік біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ДАЙЫНДАУ
Үтіктің табанынан барлық затбелгілер мен қорғағыш жапсырмаларды алып тастаңыз.
Аспапты тегіс көлбеу беткі қабатқа орнатыңыз.
Жұмысты бастар алдында Сіз үтіктейін деп жатқан бұйымда дәл осы бұйымды өңдеу бойынша
нұсқаулары бар заттаңба бар екеніне көз жеткізіңіз; оларды мүлтіксіз орындаңыз.
Жылу реттегішті өзіңіз үтіктейін деп жатқан бұйымның түріне сәйкес келетін қалыпқа орнатыңыз.
БЕЛГІШЕ
МАТАНЫҢ ТҮРІ
Бұйымды үтіктемеген жөн.
•
Синтетика, Нейлон, Акрил, Полиэстер, Вискоза
••
Жүн, Жібек
•••
Мақта мата, Зығыр
Ең үлкен температура (бумен тегістеу)
ECO
Синтетикадан басқа барлық мата түрлеріне арналған
СУДЫ ҚҰЮ
Су құятын сауытты бу генераторынан өзіңізге қарай тартып шығарып алыңыз.
Су құятын сауытқа ең үлкен деген белгіден асырмай су құйыңыз. Сауытты су құюға арналған саңылау
арқылы толтыруға болады.
ЕСКЕРТУ: Бу станциясы су құбырынан келетін суды пайдалануға болатын етіп жасалған. Алайда, әсіресе су
құбырындағы су тым кермек болса, тазартылған суды құйған дұрыс болады.
Сауытқа химиялық жолмен жұмсартылған суды құймаңыз және хош иістендіргіш үстемелерді пайдалануға
болмайды.
Егер су құбырындағы су тым кермек болса, тек минералдардан тазартылған суды ғана құйыңыз.
Жұмыстың соңында су сауытында қалған суды түгел төгіп тастау қажет.
Сауытты сырт еткенше итере отырып орнына салыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Аспапты электр желісіне жалғаңыз, осы түймешіктің жарық индикаторы жыпылықтай бастайды.
Қосу / өшіру түймешігін басыңыз, осы түймешіктің жарық индикаторы жана бастайды. Түймешікті тағы
бір рет басыңыз.
Бу беру қарқындылығын реттеу индикаторы жыпылықтай бастайды.
Бумен тегістеудің керекті деңгейін таңдау үшін бу беру қарқындылығын реттеу түймешігін бірнеше рет
басыңыз. Төмен деңгей – шәкілдің бір индикаторы жанады, ортаңғы деңгей – шәкілдің екі шамы жанады
және жоғары деңгей – шәкілдің үш шамы жанады.
60-120 секундтан кейін бу беру қарқындылығын реттеу индикаторы жыпылықтауын тоқтатады да, қызу
индикаторы жанады. Аспап жұмысқа дайын.
Жылу реттегішін матаның түріне қарай керекті температураға орнатыңыз.
Қызу индикаторы сөнген кезде, үтік қажетті температураға дейін қызады.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
Бумен тегістеу түймешігін басқаннан кейін 10-20 секунд өткенде бу шыға бастайды.
Ұзақ уақыт бумен тегістеу үшін үтіктегі бумен тегістеу түймешігін басыңыз. Түймешікті басып ұстап тұрмау
үшін бумен тегістеу түймешігінің бұғаттамасын төмен жылжытыңыз, сол арқылы сіз оны бекітіп қоясыз.
Қысқа уақыт бумен тегістеу үшін тұтқаның төменгі жағындағы бумен тегістеу қосқышын басыңыз.
Содержание
- Instruction manual 1
- Sc ss36b01 1
- Інструкція з експлуатації 1
- Руководство по эксплуатации 1
- Cz popis bg описание 2
- Gb description rus устройство изделия 2
- Ua опис scg опис 2
- Www scarlett ru sc ss36b01 2 2
- Est kirjeldus lv apraksts 3
- Kz сипаттама sl stavba výrobku 3
- Lt aprašymas h leírás 3
- Www scarlett ru sc ss36b01 3 3
- Gb instruction manual 5
- Rus руководство по эксплуатации 6
- Cz návod k použití 8
- Bg ръководство за експлоатация 10
- Ua посібник з експлуатації 12
- Scg упутство за употребу 14
- Est kasutusjuhend 15
- Lv lietošanas instrukcija 17
- Lt eksploatavimo vadovas 19
- H használati útmutató 20
- Kz пайдалану жөніндегі нұсқаулық 22
- Белгіше матаның түрі 23
- Sl návod na použitie 24
Похожие устройства
- Scarlett SC-WCD09C Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-ACD11M Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-VC80B04 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-ACD10PL Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-ACD09C Инструкция по эксплуатации
- Siemens A 220 HF AM Инструкция по эксплуатации
- Siemens DA 410 IM White Инструкция по эксплуатации
- Siemens DA 610 IM White Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-ACD01P Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-VC80B03 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-VC80B01 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SL-TM11501 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-VC80C04 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-VC80H05 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-27D Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50S23 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HD70IT02 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50S20 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-55K Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-EK27G16 Инструкция по эксплуатации