Smile HCM 3201 [19/24] Жұмысқа дайындық

Smile HCM 3201 [19/24] Жұмысқа дайындық
Шаш алуды бастар алдында машинканы тексеріп, жүздерінің
тісшелерінің арасында май іздерінің қалмағанына көзіңізді жеткізіңіз.
Машинканы қосып, жүздерінің жүрісін байқаңыз, олар еш кедергісіз
қозғалулары тиіс.
Аспаптың жұмысы кезінде оның сымы оралмауы тиіс.
Шашын алғыңыз келетін адамды оның басы Сіздің көз алдыңызда
болатындай отырғыңыз. Бұл шолуды жақсартып, шаш алу үдерісін
бақылауыңызда ұстауға мүмкіндік береді.
Шаштың ұйысып қалуын жою үшін, шашты мұқият тараңыз.
Алынған шаш жағасына түсіп кетпеуі үшін адамның мойнына орамал
орап қойыңыз.
Машинканың қысқа жүрісін бастағы шаш толық алынған жағдайда ғана
пайдаланыңыз.
Машинкамен шаш алу белгілі бір машықтануды талап етеді, сондықтан
алғашқы бірнеше рет шашты азырақ алуға мүмкіндік беретін
саптамаларды пайдаланыңыз.
Қосымша саптама-тарақ 6.А – ұзындығы шамамен 3 мм шашты алу.
Қосымша саптама-тарақ 6. Б - ұзындығы шамамен 6 мм шашты алу.
Қосымша саптама-тарақ 6. В - ұзындығы шамамен 9 мм шашты алу.
Қосымша саптама-тарақ 6. Г - ұзындығы шамамен 12 мм шашты алу.
Саптаманы тісшелерін жоғары қаратып орналастырып, жүздерді
орнатуға арналған ажыратқышқа кірістіріп, бекітіңіз.
Өзіңіз таңдап алған саптаманы пайдаланып, алынатын шаштың
ұзындығына үйреніп алу үшін шаштың аздаған бөлігін алудан бастаңыз.
Шашты әлдеқайда біркелкі алу үшін, машинканы шаштың өсіміне
қарсы бағытта қозғалтыңыз.
www.smile.su
19
KAZ
Жұмысқа дайындық
Шаш алу жөніндегі кеңестер
Қосымша саптама-тарақтарды пайдалану

Содержание

Скачать