Smile MG 795 [22/38] Аспапты сақтау

Smile MG 795 [22/38] Аспапты сақтау
www.smile.su
22
KAZ
Аспапты тазалау
Еттартқыштың өшірілгеніне («ON/O/R» ауыстырып қосқышының (3)
«О» күйінде орналасқанына) және қозғалтқыштың толық тоқтағанына
көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желіден ажыратыңыз.
Еттің қалдықтарын алып тастаңыз.
1-ден 6 дейінгі қадамдарды (1-6 сурет) кері тәртіппен қайталап,
еттартқышты бөлшектеңіз: шығыршықты гайканы (12) сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, торды, айқас пышақ (13) пен шнекті (9)
шығарыңыз.
Жұмыс блогы (8) көлденең жазықтықта еркін жылжығанға дейін оны
сағат тілінің бағытына қарсы бұрып, бекіткішті (6) босатыңыз.
Жұмыс блогын саңылаудан (15) шығарыңыз.
Саптамаларды, айқас пышақ, шнек пен жұмыс блогын жылы сабынды
суда мұқият жуыңыз.
Бәрін мұқият кептіріңіз.
Назар аударыңыз!
Құрамында хлор бар ағартқыш ерітінділерді пайдаланбаңыз!
Қозғалтқыш бөлігін суға салмаңыз, еттартқыштың корпусын ылғалды
шүберекпен сүртіңіз!
Назар аударыңыз!
Кепкен жабдықтарды (торлар, пышақ) сақтауға алып қоюдан бұрын
оларды тот басудан қорғау үшін жұқалап өсімдік майымен майлаған жөн.
Аспапты сақтау
Аспапты таза және құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Желілік сымды аспаптың айналасына орамай, бос шығырлар етіп
ораңыз.

Содержание

Скачать