Polaris phb 1035al cube [16/38] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Polaris phb 1035al cube [16/38] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
16
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың
желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөндірулі қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн
сәулесінен, сүйір бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды
суға батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз. Құрал суланған жағдайда
оны бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда оны бірден желіден ажыратыңыз. Осы кезде
қолыңызды суға салмаңыз. Қайта қолданар алдында құралды білікті маман тексеруі
керек.
Пайдаланып болған соң, қондырмаларды орнату немесе алу кезінде, құралды
тазалағанда немесе сынған кезде оны үнемі желіден ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан
ұстап құралды желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажырату кезінде
штепсель ашадан ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра
орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Қашанда сақтау үшін сымды жақсылап тарқатып жазыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны
қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құралды жұмыс кезінде қараусыз қалдырмаңыз.
Керек-жарақтарын немесе қондырмаларды ауыстырар алдында құралды сөндіріңіз.
Қондырмалардың барлығы, блендердің білігі мен ішкі бөлшектерінің мұқият жуылып,
стерилденгенін ұдайы қадағалаңыз.
Жарақат алмас үшін, саусақтарды, шашыңызды, киімді блендердің қозғалатын
бөлшектерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
Балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бақылаусыз құралды пайдалануына
рұқсат етпеңіз.
Ақауы бар құралды немесе қондырманы ешқашан пайдаланбаңыз.
Пышақтар толығымен тоқтағанша құралдың қақпағын ешқашан ашпаңыз.
Бұл құрал ұзақ уақыттай жұмыс істеуге арналмаған, сондықтан, жұмыстың әрбір 30сек.
кейін 5мин. үзіліс жасаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Тазалау кезінде пышақтарды алғанда абай болыңыз, жүздері
өткір!

Содержание

Скачать