Polaris phb 1035al cube Инструкция по эксплуатации онлайн [22/38] 185996

Polaris phb 1035al cube Инструкция по эксплуатации онлайн [22/38] 185996
22
Құралдың желілік сымын электр розеткаға қосыңыз. Қондырманы өнім салынған
ыдысқа (ернеуі биік болған дұрыс) батырып,салыңыз.
Блендерді қолмен мықтап ұстап, жұмыстың қажетті жылдамдығын таңдап, іске
қосыңыз (жылдамдықты қосу тетігін басып, ұстап тұрыңыз)
Жұмыс аяқталғаннан кейін құралды өшіріп, ыдыстан алыңыз.
Желілік сымды ажыратып, картоп езбесін әзірлеуге арналған қондырманы
бөлшектеңіз.
Ұсақтап кесуге арналған ас үй комбайнының сипаттамасы
Комбайн картоп, сәбіз, қияр, ірімшік секілді түрлі өнімдерді кесуге, ұсақтап кесуге, езуге
арналған. Комбайнмен етті ұсақтауға тыйым салынады.
Комбайнның максималды жүктемесі: 1000 гр.
Ұсақтап кесуге арналған ас үй комбайынды қолдану:
Кесу қондырмасының білігін (P) комбайн тостағанының қадалығына орнатыңыз.
Кесу дискисін сақтағыш) (O) кесу қондырмасының білігіне (P) жалғаңыз. Кесу
дискісінің өзге жағын орнатсаңыз, ұсақтап кесудің өзге формасы пайда болады.
Үстіңгі жағына комбайн қақпағын бекітіңіз (N). Қақпақты сырт еткен дыбыс
естілмейінше орнатыңыз.
Блендер ұстағышты (D) комбайн қақпағына (N) жалғап, бекітіңіз

Содержание

Скачать