Polaris pwk 1785cgl [23/28] Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері

Polaris pwk 1785cgl [23/28] Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
23
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.
Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі
таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
9. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және
салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен
залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға
2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
10. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ
Ақаулық
Себеп
Ақаулардың себептерін жою
Шәйнек, су қайнамас
бұрын сөнеді.
Қыздыру элементінде қақ
пайда болды.
«Тазарту және күтім» 5
тармағын басшылыққа алып,
оның нұсқамаларына
сәйкесінше шәйнекті қақтан
тазартыңыз.
Шәйнек қосылмайды.
Желілік ток көзі
(розеткасы) жұмыс
істемейді.
Шәйнекті басқа (розеткаға) ток
көзіне жалғастырыңыз.
Желілік сым ақаулы.
Құралды жөндеу үшін немесе
оның бөлшектерін ауыстыру
үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Суы жоқ шәйнекті
байқамай қосқан жағдайда
оның күйіп кетуден
сақтандыру жүйесі іске
қосылады.
Пайдаланған соң, шәйнекті
суық сумен толтырмас бұрын,
15 минут бойы, ол суығанша
күте тұрыңыз, содан кейін оны
суық сумен толтырыңыз.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тогымен зақымданбау, құралды пайдалану барысында
жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін құралды қолдану барысында қауіпсіздіктің негізгі
шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.
11. ОСЫ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Шәйнекті тек қана суды жылыту үшін қолданыңыз. Құралды басқа сұйықтықпен ешқашан
толтырмаңыз.
Ешқашан да суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.
Шәйнекті тек таза, ішуге жарамды, салқын суымен толтырыңыз.
Шәйнекті қабырғаға таяу, бөлменің бұрышына, салбырап тұрған тақтайлардың немесе ас үй
шкафтарының астына қоймаңыз.
Шәйнекті оның түпнұсқа зауыт қорабында тасымалдауға керек.
Шәйнекті тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа орналастырыңыз.

Содержание

Скачать