Polaris pet 0909 crystal Инструкция по эксплуатации онлайн [20/25] 186027

20
Құрал суығанша күте тұрыңыз.
Құралды алғашқы рет пайдаланудың алдында немесе құралды ұзақ уақыт бойы
пайдаланбасыңыз, қыздыру элементіне жанасқан, күйіп кеткен шаңның әлсіз иісі шығуы
мүмкін.
4. ЖҮМЫС ТӘРТІБІ
Тостерді пайдалану барысында нанның сұрпы мен піскен уақытысы, сондай-ақ тілімдердің
қалыңдығына байланысты қыздырудың қажетті деңгейіне жету үшін түрлі уақыт қажет
екендігін ескеру қажет.
Қыздырудың минималды деңгейін:
Өте құрғақ нанды;
Нанның жұқа тілімдерін;
Нанның бір ғана тілімін қыздыру үшін орнатыңыз.
Қыздырудың максималды деңгейін:
Жаңа піскен, толық дәнді нанды;
Қалың тілімдерді қыздыру үшін орнатыңыз.
Қажет жағдайда қыздыру үдерісін қайталауға болады.
Тәтті нанды «Жылыту» режимінде арнайы заттың үстінде жылытыңыз.
Мұздатылған наннан тосттарды «Мұздан еріту» режимінде даярлаңыз.
Тосттарды қыздырып кептіру
1. Тостерді жиһаз заттарынан, қабырғадан, перде мен өзге заттардан айтарлықтай
қашықтықта тегіс, құрғақ, жылуға төзімді, жылжымайтын бетке орнатыңыз.
2. Тостерді желіге қосыңыз.
3. Алдын ала дайындалған нан тілімдерін оларды салуға арналған бөліктерге орнатыңыз.
Назар аударыңыз!
Нанның бөліктері тостерге оңай түрде кіруі қажет.
Нанның құралдың ішінде тұрып қалу әрекетін алдын алу үшін бөліктерге бөлінген немесе
қалың тілімдерді пайдаланбаңыз.
4. Реттегішті бұрау арқылы қыздырудың қажетті деңгейін орнатыңыз.
1 сәл ғана қыздыру;
2 баяу қыздыру;
3-4 жақсы қыздыру;
5 өте қатты қыздыру.
5. Тұтқышты төмен қалыпта ол бекітілгенше басыңыз. Тостер автоматты түрде іске
қосылады. Осы сәтте жұмыстың жарық индикаторы жанады.
Назар аударыңыз!
Тұтқышты басу кезінде шамадын тыс күш салмаңыз. Бұл нанды салу мезанизмін
зақымдауы мүмкін.
6. Тосттар дайын болғанда тұтқыш өзінің бастапқы қалпына келеді және тостер автоматты
түрде сөнеді.
Егер нан құралдың ішінде тұрып қалып, тұтқыш өзінің бастапқы қалпына келмесе:
Тез арада тостерді желіден ажыратыңыз және құралдың сууын күтіңіз.
Қыздыру элементтеріне қол тигізбей абайлықпен нанның тілімін шығарыңыз.
Назар аударыңыз!
Электр тоғымен зақымдалмау үшін және қысқа тұйықталудың алдын алу үшін тостер
желіге қосылған сәтте тосттарды қолмен немесе металл заттармен шығармаңыз!
7. Тосттарды әзірлеу үдерісін тоқтатуды қаласаңыз «Стоп» батырмасына басу қажет.
Тостердің жұмыс істеуі барысында күйіп қалған нан қиқымдарының иісі шығуы мүмкін.
Бұл жағдайда тостерді сөндіріп, оның сууын күтіңіз және құралды нанның қиқымдарынан
тазартыңыз («Тазарту және күтім» 5 бөлімін қараңыз).

Похожие устройства