Polaris pet 0909 crystal Инструкция по эксплуатации онлайн [21/25] 186027

Polaris pet 0909 crystal Инструкция по эксплуатации онлайн [21/25] 186027
21
«Мұздан еріту» режимі
Бұл режимде алдыменен нанды мұздан еріту үдерісі жүреді, содан соң ғана тосттар
қыздырылады, сол себепті құралдың жұмыс циклы ұзағырақ жүреді, жаңа піскен нанды
қолдану әзірлеу үдерісін қысқартады.
1. Мұздатылған нан тілімдерін тостерге салыңыз.
2. Реттегішті қолдану арқылы қажетті қыздыру деңгейін орнатыңыз.
3. Тұтқышты төмен түсіріп, «Мұздан еріту» батырмасына басыңыз.
4. Осы сәтте жұмыстың жарық индикаторы мен «Мұздан еріту» режимінің индикаторы
жанады.
5. Тосттар дайын болғанда тұтқыш бастапқы қалпына оралады және тостер автоматты түрде
сөнеді.
«Жылыту» режимі
Қажет болған жағдайда Сіз суып қалған тосттарды қыздыра аласыз.
1. Тосттарды салыңыз.
2. Тұтқышты төмен түсіріп, «Жылыту» батырмасына басыңыз.
3. Осы сәтте жұмыстың жарық индикаторы мен «Жылыту» режимінің индикаторы жанады.
4. Жұмыс циклы аяқталғаннан кейін тостер автоматты түрде сөнеді.
Бұл режимде тосттарды қосымша қыздырусыз жылытуға болады.
Тәтті нанға арналған қондырмаларды пайдалану
1. Қондырманы тостерге бекітіңіз.
2. Тәтті нанды немесе өзге де нан-тоқаш өнімдерін арнайы табаға салыңыз.
3. Реттегіш пен «Жылыту» және «Мұздан еріту» батырмаларын пайдалану арқылы
қыздырудың қажетті деңгейін орнатыңыз.
4. Тұтқышты төмен түсіріңіз.
5. Жұмыс циклы аяқталғаннан кейін тостер автоматты түрде сөнеді.
Назар аударыңыз!
Егер Сіз тостерде мейіз немесе жаңғақ қосылған тәтті нанды әлде кексті жылытатын
болсаңыз, әзірлену үдерісі барысында бөлінуі мүмкін нан бетінен жаңғақты немесе мейізді
алып тастаңыз. Әйтпесе, мейіз тостердің ішіне түсіп, оны зақымдауы мүмкін.
5. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құралды тазартпас бұрын тостерді желіден ажыратыңыз және ол суығанша күтіңіз..
Тазарту үшін абразивті тазарту құралдарын пайдаланбаңыз.
Тостерді ешқашан суға салмаңыз. Судың электр байланыстарына тимеуін әркез
қадағалаңыз.
Құралдың сыртқы бөлігін дымқыл матамен сүртіңіз және содан соң оны құрғата сүртіңіз.
Нан қиқымдарын жинауға арналған құралдың бөлшегін шығарыңыз, қиқамдардан
тазартыңыз және бұл бөлшекті қайта орнына орнатыңыз.
Назар аударыңыз!
Әзірлеу үдерісі аяқталғаннан кейін бұл бөлшек қатты ыстық болады.
Құралдың зақымдалуын алдын алу үшін ешқашан бөгде заттарды нан салуға арналған
бөлікке жүктемеңіз.
Қыздыру барысында өзіндік бір иістің пайда болуына жол бермеу үшін тостерді өте қатты
иісі бар өнімдерден бөлек, салқын және құрғақ жерде сақтаңыз.
Құралды өзге орынға апару барысында оны зауыттық қаптамасында сақтаңыз.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тоғымен зақымданбау, құралды пайдалану
барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін құралды қолдану барысында
қауіпсіздіктің негізгі шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару
барысында қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.

Похожие устройства