Polaris pet 0909 crystal Инструкция по эксплуатации онлайн [22/25] 186027

Polaris pet 0909 crystal Инструкция по эксплуатации онлайн [22/25] 186027
22
6. ЭЛЕКТРЛІК ТОСТЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БАРЫСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Құрал тек тұрмыста пайдалануға арналған.
Құралды жанатын заттар мен интерьер элементтерінен қауіпсіз қашықтықта, тегіс, берік әрі
өртке төзгіш қабатқа орнатыңыз.
Құрал тек тік қалпында пайдалануы тиіс.
Тостердің жұмысы барысында абайлық сақтаңыз, себебі құралдың металл бөліктері жұмыс
кезінде қатты қызып кетуі мүмкін.
Құралды жоғарғы температура әсерінен лезде түрде деформацияланатын заттардың жанына
қоймаңыз.
Құралдың бетіне және оның қасында тез тұтанатын заттар мен сұйықтықтарды сақтамаңыз.
Құралдың үстіне ыдысты немесе өзге де бөгде заттарды қоймаңыз.
Тостерді жылу көзі немесе қандай-да бір өнімдер мен заттарды құрғату құралы ретінде
пайдаланбаңыз.
Тостерде май немесе өзге де өнім жағылған нанды қыздырмаңыз.
Қақтамамен немесе өзге де материалмен оралған нанды тостерге салмаңыз.
Тостерді нанды бір мезетте қыздыру және жылыту үшін қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралды жылжытпаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралдан нанды шығармаңыз.
Нан қиқымдарының тостердің ішінде сақталуына жол бермеңіз. Тостерді тұрақты түрде
«Тазарту және күтім» 5 бөлім нұсқауларына сәйкес тазартыңыз.
Тостерді нан қиқымдарын жинауға арналған бөлшексіз пайдаланбаңыз.
Тосттарды дайындау барысында құралдың үстін жабуға тыйым салынады.
Тостердегі өнімді шығару үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз!
Қыздыру барысында нан күюі әбден мүмкін. Құралды перденің жанында және оның дәл
астында, сондай-ақ тез тұтанатын заттардың қасында қолданбаңыз.
Тостердің ішінде тұрып қалған нанды құрал желіден ажырамаған күйінде шығаруға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
7. ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДА
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақауы болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал еденге төнкеріліп, құлап түсіп кеткен жағдайда оны пайдаланбаңыз.
Егер құралдың жұмысқа қабілеттілігі жөнінде күмәндансаңыз оны пайдалануға тыйым
салынады.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,
білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық
ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Іске қосулы құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден
ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте
пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.

Похожие устройства