Smile SMB 3700 [31/52] Ұсақтау режимі

Smile SMB 3700 [31/52] Ұсақтау режимі
Қайталама дыбыстық белгіден кейін аспап автоматты түрде өшеді.
Аспаптың жұмысы аяқталды.
Аспапты желіден ажыратыңыз.
Аспаптың үстіңгі тұтқасын (2) сағат тіліне қарсы бұрып, қозғалтқыш
блогын (3) аспаптың корпусынан (6) ажыратыңыз. Аспап ашық.
Қозғалтқыш блогын (3) аспаптың корпусынан (6) асқан абайлықпен
шығарыңыз, себебі күйік шалу қаупі бар.
Алынған қоспаны бөлек ыдысқа салып, содан кейін аспапты тазалап,
сақтауға алып қойыңыз.
Ұсақтау артақарымын әртүрлі өнімдерді араластыру үшін пайдаланыңыз.
Аспаптың үстіңгі тұтқасын сағат тіліне қарсы бұрып, қозғалтқыш блогын
аспаптың корпусынан ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған ыдысқа ұсақтағыңыз келетін өнімдерді салыңыз
Ұсақтау/араластыру үдерісін бастар алдында жемістер мен
көкөністердің қабығын аршып, сүйектер сияқты жеуге жарамсыз
бөліктерін алып тастаңыз, жемістерді шамамен 2 х 2 см етіп
төртбұрыштап тураңыз.
Ұсақтауға арналған ыдысты (14) 1500 мл артық толтырмаңыз.
Ыдысты (14) толтырғаннан кейін, қозғалтқыш блогын аспаптың
корпусына (6) орналастырып, толық бекітілгенше сағат тілінің бойымен
бұрыңыз.
Қозғалтқыш блогы аспаптың корпусына дұрыс бекітілсе, қозғалтқыш
блогындағы байланыстар (8) корпустағы байланыстармен (9)
жанасады (корпустың шығыңқы бөлігі тостақан тұтқасының астындағы
ойыққа кіруі тиіс).
Аспапты онда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келетін кернеуге ие (220-
240 В) қуат көзі желісіне қосыңыз.
Аспапты желіге қосу кезінде дыбыстық белгіні естисіз.
Басқару панелінен (7) импульстік режимде пайдаланылатын «Ұсақтау»
«Ұсақтау» режимі
KAZ
www.smile.su
31

Содержание

Скачать