LG 32LF580U [47/131] Теледидарды көтеру жəне жылжыту

LG 32LF580U [47/131] Теледидарды көтеру жəне жылжыту
9
Теледидарды көтеру
жəне жылжыту
Теледидарды жылжытқанда немесе көтергенде,
теледидарды сырылу жəне зақымнан қорғап, түріне жəне
көлеміне қарамастан қауіпсіз түрде тасымалдау үшін,
төмендегі ақпаратты оқыңыз.
Теледидарды зауытта салынған қорабында немесе
орамында тасымалдаған жөн.
Теледидарды жылжыту немесе көтеру үшін, алдымен
қуат сымын жəне барлық кабельдерді ажырату керек.
Теледидарды ұстағанда, зақымды болдырмау үшін
экран сізге қарамай тұруы керек.
Теледидар жақтауының жоғарғы жағы мен түбін
жақсылап ұстаңыз. Мөлдір бөлікті, динамикті немесе
динамик торының аймағын ұстамаңыз.
Үлкен теледидарды кемінде 2 адам тасымалдауы
керек.
Теледидарды қолмен тасымалдағанда, төмендегі
суретте көрсетілгендей ұстау керек.
Тасымалдағанда, теледидарды қатты шайқамаңыз.
Тасымалдағанда, теледидарды тігінен ұстаңыз.
Жанына жатқызбаңыз жəне сол немесе оң жағына
қарай еңкейтпеңіз.
Жақтау шассиін иетін/майыстыратындай шамадан тыс
күш салмаңыз, себебі бұл экранды зақымдауы мүмкін.
Теледидарды ұстағанда шығыңқы джойстик түймесін
зақымдап алмаңыз.
ЕСКЕРТУ
Əрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені бұл
экранның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Теледидарды жылжытқанда, кабель ұстағышынан
ұстамаңыз: ол үзіліп, жарақаттауы немесе
теледидарды зақымдауы мүмкін.
Джойстик түймесін қолдану
(Көрсетілген бейне теледидарда көрсетілгеннен өзгеше
болуы мүмкін.)
Джойстик түймесін басу немесе жоғары, төмен, солға
немесе оңға жылжыту арқылы теледидар функцияларын
оңай басқаруға болады.
Джойстик түймесі
Негізгі функциялар
Қуатты қосу
Теледидар өшіп тұрғанда,
бармағыңызды джойстик
түймесіне қойып, бір рет
басып, жіберіңіз.
Қуатты өшіру
Теледидар қосылып тұрғанда,
бармағыңызды джойстик
түймесіне қойып, бірнеше
секундқа бір рет басып,
жіберіңіз. (Дегенмен, Menu
(Мəзір) түймесі экранда
болса, джойстик түймесін басу
жəне ұстап тұру мəзірінен
шығуға мүмкіндік береді.)
Дыбыс деңгейін
басқару
Бармағыңызды джойстик
түймесінің үстіне қойып,
солға немесе оңға итерсеңіз,
дыбыс деңгейін керегінше
реттеуіңізге болады.
Бағдарламаларды
басқару
Бармағыңызды джойстик
түймесінің үстіне қойып,
жоғары немесе төмен
итерсеңіз, сақталған
бағдарламалар тізімінің
бойымен жылжуға болады.
Мəзірді реттеу
Теледидар қосылып тұрғанда, джойстик түймесін бір рет
басыңыз. Мəзір тармақтарын джойстик түймесін жоғары,
төмен, солға немесе оңға жылжыту арқылы реттеуге
болады.
Қуатты өшіру.
Экрандағы дисплейлерді кетіріп, теледидарды көру
режиміне қайтарады.
Сигнал көзін өзгертеді.
Негізгі мəзірді ашады.
ҚАЗАҚША

Содержание