Polaris PVB 1802 [34/43] Құралды пайдалану

Polaris PVB 1803 [34/43] Құралды пайдалану
34
6. Құралдың жиынтығы
1. Шаңсорғыш - 1 дана.
2. Майысқақ құбыршек -1 дана.
3. Телескоптық түтік -1 дана.
4. Еден мен кілемнен жинауға арналған қылшақ - 1 дана.
5. Қондырмалары - 2 дана.
6. Шаң жинауға арналған қағаз қабы-1дана.
7. Шаң жинауға арналған мата қабы-1дана
8. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық- 1 дана.
9. Кепілдік талон- 1 дана.
10. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі-1 дана.
11. Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) 1 дана.
7. Құралды пайдалану
Орама қорабын ашыңыз, құралды абайлықпен шығарыңыз, оның орайтын барлық материалдарын
ішінен және сыртынан алып тастаңыз.
Қоқыс жинағыштың қақпағын ашыңыз, содан кейін оның шаң жинауға арналған мата немесе қағаз
қабы және қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісінің дұрыс орнатылғанына, және оған жасалатын
негізгі тазарту мен күтім, яғни қызмет көрсетуіне қатысты жұмыстарының орындалғанына коз
жеткізіңіз. Қоқыс жинағыштың қақпағын жабыңыз. Шығыс сүзгісінің дұрыс орнатылғанына және
оған жасалатын негізгі тазарту мен күтім, яғни қызмет көрсетуіне қатысты жұмыстарының
орындалғанына коз жеткізіңіз(«Тазарту және сақтау» 8 бөлімін қараңыз).
Ескертпе!
Құралды ешқашан сүзгілерсіз, сондай-ақ, оның қағаз немесе мата қабы орнатылмаған
жағдайда немесе сүзгілер ақаулы болса, іске қосуға тиым салынады. Кері жағдайда шаң тікелей
моторға өтіп, құрылғының бұзылуына әкеп соғады.
Құбыршекті жалғастырып қосу:
Майысқақ құбыршектің ұштығын құралдағы ауаны соратын ауа тартқыштың саңылауына
орнатыңыз, содан кейін оны оң жаққа ағат тілінің қозғалу бағыты бойынша),ол тірелгенше
бұраңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения