Polaris PHS 2687K [10/22] Тұрмыстық электрлік құрылғылармен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік
![Polaris PHS 2687K [10/22] Тұрмыстық электрлік құрылғылармен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік](/views2/1231321/page10/bga.png)
10
2. Тұрмыстық электрлік құрылғылармен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік
жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт бойы
пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың денсаулығына нұқсан
келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақаулығы
анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда немесе қандай да бір ақау түрі байқалса, құралды
пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті маманға көрсетіңіз.
Құралдың жұмысқа қабілеттілігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы
жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ
немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден
ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың
алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн сәулесінен,
сүйір бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды суға немесе басқа
сұйықтыққа батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз. Құрал суланған жағдайда оны
бірден желіден ажыратыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын, желідегі
қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың техникалық сипаттамаларына сәйкес
болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құралды тазарту алдында және оның
қондырмаларын алмас немесе орнатпас бұрын, сондай-ақ, құрал сынып, істен шыққан жағдайда, оны
әрдайым желіден ажырату қажет.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның жылдамдылығын ауыстырып қосатын тетігі «СӨНДІРУ» күйінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралдың бүлінуі мен оқыс жағдайларға әкеп соғуы мүмкін желінің шамадан тыс жұмыс істеуіне жол
бермеңіз. Ол үшін қолданыстағы электрлік розеткаға ұзартқышты пайдалану арқылы өзге де
құралдарды қоспаңыз. Ұзартқышты пайдаланудың алдында оның зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап желіден
ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан ұстаңыз.
Электр тоғымен зақымдалмау үшін құралды іске қосу және сөндіру барысында желілік сым ашасының
металл бөліктеріне қол тигізбеңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін электр қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға болмайды,
уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Құралды сақтау барысында әрқашан сымды
жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра алады.
Біліктілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін құралды өздігіңізден
жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету орталығының білікті маманы
жүзеге асыруы тиіс.
Содержание
- Общая информация 2
- Оглавление 2
- Общие указания по безопасности при работе с электроприборами 3
- Описание прибора 4
- Специальные указания по безопасности данного прибора 4
- Сфера использования 4
- Комплектация 5
- Подготовка к работе 5
- Порядок работы 5
- Чистка и уход 5
- Информация о сертификации 6
- Поиск и устранение неисправностей 6
- Технические характеристики 6
- Транспортирование и хранение 6
- Требования по утилизации 6
- Расчетный срок службы изделия 3 года 7
- Жалпы мәлімет 9
- Мазмұны 9
- Жөніндегі жалпы нұсқаулар 10
- Тұрмыстық электрлік құрылғылармен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік 10
- Осы құралдың қауіпсіздігі бойынша арнайы нұсқаулар 11
- Құралдың пайдалану саласы 11
- Құралдың сипаттамасы 11
- Жұмыс тәртібі 12
- Тазарту және күтім 12
- Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау 12
- Құралдың жиынтығы 12
- Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері 13
- Кәдеге жарату бойынша талаптар 13
- Сақтау және тасымалдау жөніндегі шарт 13
- Техникалық сипаттамалар 13
- Сертификаттау туралы ақпарат 14
- Загальна інформація 16
- Зміст 16
- Загальні вказівки з безпеки під час роботи з електроприладами 17
- Опис приладу 18
- Спеціальні вказівки з безпеки цього приладу 18
- Сфера використання 18
- Комплектація 19
- Порядок роботи 19
- Підготовка до роботи 19
- Чищення та догляд 19
- Вимоги щодо утилізації 20
- Пошук та усунення несправностей 20
- Технічні характеристики 20
- Транспортування та зберігання 20
- Інформація про сертифікацію 21
- Розрахунковий термін служби виробу 3 роки 21
Похожие устройства
- Haier LE55U6500U Руководство по эксплуатации
- Haier LE65U6500U Руководство по эксплуатации
- Haier HWR-T321 Руководство по эксплуатации
- Haier T54P Краткое руководство пользователя
- Haier T53P Краткое руководство пользователя
- Haier T51 Краткое руководство пользователя
- Haier T50 Краткое руководство пользователя
- Haier A45 Краткое руководство пользователя
- Haier A42P Краткое руководство пользователя
- Haier A41 Краткое руководство пользователя
- Haier A40 Краткое руководство пользователя
- Haier LightBook S378S Инструкция по эксплуатации
- Haier LightBook S378G Инструкция по эксплуатации
- Haier LightBook S314S Инструкция по эксплуатации
- Haier LightBook S314G Инструкция по эксплуатации
- Haier G801 Руководство пользователя
- Haier G800 Руководство пользователя
- Haier G781-S Руководство пользователя
- Haier G781-B Руководство пользователя
- Haier D71 Руководство пользователя