Smile EPI 9050 [21/36] Аспапты пайдалану

Smile EPI 9050 [21/36] Аспапты пайдалану
Аспапты пайдалану
Қызуы
Реттегішті сағат тілі бойынша бұраңыз, бұл ретте сіз төмен дыбысты
сигналды естисіз де, жарықдиодты индикатор жанады. Қажетті қуаттылық
деңгейін таңдаңыз, индукциялық плита қыза бастайды.
Әдепкі қалпы бойынша қызу уақыты 2 сағатты құрайды. 2 сағаттан кейін
индукциялық плита автоматты түрде қызуын тоқтатады да, жарықдиодты
индикатор индукциялық плитаның күту режиміне оралғанын көрсете,
жыпылықтай бастайды.
Өшіру
Реттегішті сағат тіліне қарсы сол жаққа бұраңыз, бұл ретте сіз дыбысты
сигналды естисіз де, индукциялық плита өшеді.
Тазалау және күтім көрсету
Тазалар алдында, құралды өшіріп, содан кейін қуат сымының ашасын
электр розеткасынан суырып алуыңызды сұраймыз.
Тазалауға дейін индукциялық плитаның жұмыс панелінің суығанын
күтіңіз.
Индукциялық плитаны ұзақ уақыт бойы пайдаланған кезде ауаның кіру
және шығу саңылауларында шаң-тозаң мен басқа ластанулар жиналуы
мүмкін. Оларды құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіп алып тастауыңызды
сұраймыз. Ауаның кіру және шығу саңылауларындағы шаңды сонымен
қатар жұмсақ қылшақ немесе шағын шаңсорғышпен кетіруге болады.
• Құрылғыны сумен жуып тазартпауыңызды сұраймыз.
Плита бетінің майлы ластануларды кетіру үшін оны шамалы тіс
пастасының мөлшерін немесе бейтарап жуғыш затты пайдалана
ылғал жұмсақ шүберекпен сүртуге болады. Осыдан кейін оны ылғал
шүберекпен әбден таза болғанша дейін сүртіңіз.
Егер сіз плитаны ұзақ уақыт бойы пайдалануды жоспарламасаңыз, қуат
сымының ашасын розеткадан суырып алып, шаң-тозаң мен шыбын-
шіркейге қарсы шараларды қолдануыңызды сұраймыз.
www.smile.su
21
KAZ

Содержание

Скачать