Sony KDL40R353B — теледидарды қабырғаға орнату: нұсқаулық және кеңестер [31/32]

Превью страниц Страница 31 / 32
Sony KDL40R353B [31/32] Қажетті кабельді кабельдерді теледидарға жалғау
− 10 (KZ) −
Қабырғаға теледидарды
орнату
1 Қажетті кабельді (кабельдерді)
теледидарға жалғау.
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын
кабельдердің жалғанғанын тексеріңіз.
Теледидарды орнатқаннан кейін
кабельдерді жалғау мүмкін болмайды.
Теледидармен берілетін Анықтамалық
нұсқау бөлімін қараңыз.
Нұсқау
Кабельді қабырға ішімен жүргізу жұмыстарын
лицензиясы бар мердігер жасауы керек.
Кабельдерді қабырғаға бекітпес бұрын оларды
басып кетпес үшін жалғанатын кабельдерді
жинаңыз.
2 Теледидарды тұғырға орнату.
Шкивтердің тұғырда бекітілетін
орнын анықтау үшін 7-беттегі
«Орнатылатын орынды анықтау»
бөліміндегі 2-қадамның кестесін
қараңыз.
Теледидарды екі қолыңызбен мықтап
ұстап теледидардың артына бекітілген
шкивтерді саңылаулардың кескініне
сәйкестендіре отырып тұғырға
ақырын бекітіңіз.
Теледидарды қабырғаға орнатқаннан
кейін шкивтер тұғырға мықтап
бекітілгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ
Жұмыс істеу кезінде екі немесе одан да көп адам
теледидарды ұстап тұруы керек.
3 Теледидардың төменгі бөлігінің
жылжып кетуін болдырмау.
Белдікті алып, оны қабырғаға мықтап
бекітіңіз.
Диаметрі 5 мм болатын немесе ұқсас
бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген).
Нұсқау
Теледидардың алға қарай жылжымайтынын тексеру
үшін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай
ақырын тартып көріңіз. Жылжитын болса, дұрыс
бекітілмеген болғаны және белдікті қайта
бекітіңіз.

Содержание

151

Теледидарды қабырғаға орнату үшін қажетті қадамдар мен кеңестер. Кабельдерді дұрыс жалғау, тұғырға бекіту және қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат.

Кешбек Менеджер
Случайные обсуждения