Philips BRI954/00 Lumea Prestige — тері күтімі мен құрылғыны зарядтау бойынша нұсқаулық [79/86]

Превью страниц Страница 79 / 86
Philips BRI954/00 Lumea Prestige [79/86] Тазалау және сақтау
Қосымша өңдеу
Қолданыстан кейін өңделген аймақтарға лосьондар, кремдер, дезодоранттар,
косметика қолдануға болады. Егер өңдеуден кейін тері тітіркенсе немесе қызарса,
өнімді теріге қолдану алдында жойылуын күтіңіз. Егер өнімді теріге қолданғаннан кейін
тері тітіркенсе, оны сумен жуыңыз.
Ескерту: барлық нұсқаулар орындалса, тері реакциялары қалуы мүмкін. Бұндай жағдайда
құрылғы қолданысын тоқтатып, еліңіздегі тұтынушыға күтім көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Зарядтау
Құрылғыны алғаш қолданбастан бұрын және батареясы таусылғанда, оны толық
зарядтаңыз. Батареяны толық зарядтауға 1 сағат 40 минут уақыт керек. Зарядтау
шамы қызғылт сары болып жанып, батарея зарядының аздығын және жақын арада
таусылатынын білдірген кезде құрылғыны зарядтаңыз. Толық зарядталған батареялар
жарық қарқынының 5-деңгейімен кемінде 130 рет жарық береді. Құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз да, әр 3-4 айда батареяларды толық зарядтаңыз.
Құрылғыны зарядтау:
1 Құрылғыны өшіріңіз.
2 Құрылғының кішкене шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адаптерді қабырғадағы
розеткаға енгізіңіз.
- Заряд шамы ақ түспен жыпылықтап құралдың зарядталып жатқанын білдіреді.
- Батареялар толық зарядталғанда, зарядтау жарығы тоқтаусыз ақ болып жанып
тұрады.
Ескертулер: Зарядталып жатқанда адаптер мен құрал жылы болып тұрады. Бұл
қалыпты жағдай.
Ескерту: Құрылғы батареяны шамадан тыс қызудан қорғау жүйесімен жабдықталған
және бөлме температурасы 40°C асқанда зарядтамайды.
- Зарядтаған уақытта құралды және құрылғыны ешқашан жабумен жаппаңыз.
3 Зарядтап болған соң, қабырғадағы розеткадан адаптерді суырып, құрылғыдан
кішкентай тығынды шығарыңыз.
Ескертпе: батарея функциясы толық денені емдеуге жеткіліксіз.
Тазалау және сақтау
1 Қолданыстан кейін құрылғыны өшіріп, тығынын шығарып суытыңыз.
Ескерту: Жарық шығатын терезе және саптама қолданыстан кейін өте ыстық болуы
мүмкін.
2 Қосымша бөлшекті босатып алыңыз.
79
Қазақша

Содержание

190

Тері күтімі мен құрылғыны дұрыс зарядтау туралы ақпарат. Тері реакциялары, зарядтау процесі және сақтау ережелері туралы толық нұсқаулық.