Scarlett SC-MC410S14 [11/19] Орнату

Scarlett SC-MC410S14 [11/19] Орнату
IM014
www.scarlett.ru 11 SС-MC410S14
Көп тағамдық қасқанның қақпағын сүлгімен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0°C-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ОРНАТУ
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар;
алмалы кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе
сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз. Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін
ауа еркін айналатын бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде: үстінен 20 см, артқы панелі
жағынан 10 см және екі бүйірінен кем дегенде 5 см.
ЖҰМЫС
Ең алдымен тостағанды, қыздырғыштың бетін және көп тағамдық қасқанның ішкі бетін сүртіңіз.
Тостағанға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның тостағанының 3/5
көлемінен асырмай салыңыз. Ыстық суда бөрте алатын және көбік түзетін азық-түлікті (күріш, кептірілген
көкөністер) пісірген кезде, кәстрөлдің көлемінің жартысынан асыра толтыруға болмайды. Бұл орайда
азық-түлік пен судың жалпы көлемі тостағанның толық көлемінің кем дегенде 1/5-нен кем болмауы қажет.
Көп тағамдық қасқанның ішіне тостағанды салыңыз.
Қақпағын шертіп жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне қосыңыз.
Көп тағамдық қасқанның 9 ас дайындау бағдарламасы бар:
Бағдарлама
Алдын ала
орнатылған
ас
дайындау
бағдарлама
сы, мин
Уақытты орнатудың
интервалы
Қадам,
мин
Температур
а
Ысыту,
сағ.
Бастауды
кейінге
қалдыру
1
Крупы (Жарма) - -
-
98-120ºC 24 24
2
Жарка (Қуыру) 15 00:15-01:00 1 130-150ºC - -
3
Запекание
(Көмеш)
20 00:10-01:30 1 98-150ºC 24 24
4
Пароварка
уға пісіру)
30 00:05-01:00 1 98-100ºC 24 24
5 Молочные каши
(Сүт ботқалары)
80 00:20-02:30 1 98-100ºC 24 24
6
Варка (Қайнату) 90 00:20-03:00 1 98-100ºC 24 24
7 Тушение
(Бұқтыру)
25 00:10-01:30 1 98-99ºC 24 24
8
Йогурт 06:00-12:00 10 36-38ºC - -
9
Выпечка
(Қамырдан
пісіру)
60 00:50-01:20 1 120-130ºC - -
«ПАРОВАРКА (БУҒА ПІСІРУбағдарламасымен жұмыс жасаған кезде, буға пісіруге арналған торды
пайдалану қажет. Тостағанға су құйып, азық-түліктерді торға салғаннан кейін торды тостағанға
орнатыңыз.
Бағдарламалардың толық сипаттамасы мен олардың орнатылуы жөнінде рецепттер кітабында берілген.
ЖҰМЫС
Белгілі бір бағдарламаны таңдау үшін «МЕНЮ» (МӘЗІР) батырмасын қажетінше басыңыз. Осы кезде
таңдалған бағдарламаның қарсысынан көрсеткіш шамы жанады. Дисплейден таңдалған бағдарламаның
алдын ала орнатылған уақытын көресіз.
«
», « » батырмаларының көмегімен рецептке байланысты дайындау уақытын өзгерте аласыз. Әр
бағдарлама үшін ас дайындау уақытын орнату интервалы кестеде көрсетілген.
Ас дайындауды бастау үшін «СТАРТ» (БАСТАУ) батырмасын басыңыз, оның көрсеткіш шамы жанады.
Жұмыс аяқталған кезде көп тағамдық қасқан автоматты түрде ысыту режиміне өтеді.
«ОТСРОЧКА СТАРТА» (БАСТАУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ) ФУНКЦИЯСЫ
Аталған функция ас дайындаудың уақытын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

Похожие устройства