Scarlett SC-JE50S32 Руководство по эксплуатации онлайн [11/22] 206090
![Scarlett SC-JE50S32 Руководство по эксплуатации онлайн [11/22] 206090](/views2/1245000/page11/bgb.png)
IM015
www.scarlett.ru SC-JE50S32
11
Құрылғыны тазалардың алдында немесе оны пайдаланбайтын болсаңыз, әрқашан да электр желісінен
ажыратып қойыңыз.
Электр тоғы соғуына немесе өрт шығуына жол бермес үшін аспапты немесе қорек бауын суға немесе
басқа сұйық заттарға матырмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса, оны электр желісінен дереу
ажыратыңыз да, тексерту үшін Сервис орталығына хабарласыңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Балалардың аспаппен ойнауына жол бермеу үшін оларды бақылап жүру керек.
Тоққа қосулы аспапты қараусыз қалдыруға болмайды.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Қорек бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік
берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Ақаулық пайда болған жағдайда жақын жердегі
Сервис орталығына хабарласыңыз.
Қорек бауының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек бауынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және ешқандай затты айналдыра орамаңыз.
Аспапты ыстық газ немесе электр пештің үстіне қоймаңыз, жылу көздеріне жақын жерге
орналастырмаңыз.
15 минуттан артық үздіксіз жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді!
Егер шырынсыққыш злектр желісіне жалғаулы болса, оны бөлшектеуге тыйым салынады.
Аспаптың қозғалатын бөлшектерін қолмен ұстамаңыз.
Металдан жасалған бөлшектерді ұстаған кезде абай болыңыз – олар өте өткір.
Аспапты іске қосардан бұрын қақпағының мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Сіздің аспабыңыз қақпағы
дұрыс орнатылмаған жағдайда оны өшіріп тастайтын қауіпсіздік жүйесімен жарақталған.
Азық-түлікті саусақпен итеруге тыйым салынады. Егер жеміс-жидектің кесектері қабылдағыш ұңғыға
кептеліп қалса, итергішті пайдаланыңыз. Егер бұл көмектеспесе, қозғалтқышын өшіріп, аспапты электр
желісінен ағыиыңыз да, оны бөлшектеп, кептелген жерлерін тазалаңыз.
Бөлшектеу мен тазалаудың алдында әр кез құрылғыны электр желісінен ағытыңыз. Айналатын барлық
бөлшектері мен қозғалтқышы түгелдей тоқтауға тиіс.
Жұмысты аяқтағаннан кейін әр кез құрылғыны міндетті түрде сөндіріңіз.
Аспапқа азық-түлікті шамадан тыс салуға болмайды.
Шырынсыққышты 1 минуттан артық бос жүріспен тоққа қосулы күйде қалдырмаған жөн.
Егер бұйым 0ºC градустан төмен температурада біраз уақыт тұрып қалса, іске қосардан бұрыноны бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада көрсетілген.
ДАЙЫНДАУ
Аспапты орауышынан шығарып, бұйым мен керек-жарақтарының бүлінбегенін тексеріңіз.
Азық-түлікке жанасатын бөліктерін жақсылап жуыңыз да, құрғатыңыз. Корпустың сыртын сәл дымқыл
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ДАЙЫНДАУ
Көкөністі / жеміс-жидекті жақсылап жуыңыз.
Шырынды тек жаңа піскен өнімдерден сығыңыз.
Барынша пайдалы шырынды сығып алу үшін маусымдық өнімдерді пайдаланыңыз.
Манго, қауын, қарбыз, ананас сияқты қатты немесе желінбейтін қабығы бар жеміс-жидектің шырынын
сығардан бұрын олардың қабығын аршыңыз.
Нектарин, шабдалы, манго, сары өрік, қара өрік пен шие сияқты қатты дәні немесе сүйегі бар жеміс-
жидектің шырынын сығардан бұрын олардың дәні мен сүйегін алып тастаңыз.
ҚҰРАСТЫРУ
Құрастырардың алдында қозғалтқыштың өшіріліп, аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Шырынсыққыштың үстіңгі бөлігін корпусқа орнатып, белгілерді бір-біріне дәлдеп келтіріңіз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: құрастырған кезде таңбалауыш белгілерді бір-біріне дәлдеп келтіру қажет. Олай
етпеген жағдайда, аспап жұмыс істемейді.
Тор сүзгіні орнатыңыз да, орнына орныққанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Мөлдір қақпағын жабыңыз да, бекіткіштерін кигізіп салыңыз.
Шырын құятын стақанның қақпағындағы ойыққа шүмек дәл келетіндей етіп, шырын құятын стақанды
шүмектің астына қойыңыз.
«БАЛАЛАРДАН ҚОРҒАУ» ФУНКЦИЯСЫ
Аспап кездейсоқ іске қосылып кетуден қорғау жүйесімен жарақталған. Шырынсыққышты іске қосардан
бұрын қосу/ өшіру түймесін бірнеше секунд басып ұстап тұру қажет. Тек осыдан кейін ғана аспап жұмыс
істей бастайды.
Содержание
- Instruction manual руководство по эксплуатации інструкція з експлуатації жабдық нұсқауы 1
- Sc je50s32 1
- Gb instruction manual 5
- Rus руководство по эксплуатации 6
- Ua інструкція з експлуатації 8
- Kz жабдық нұсқауы пцитрустарды сыққыш 10
- Est kasutamisjuhend 13
- Lv lietošanas instrukcija 14
- Lt vartotojo instrukcija 16
- H hasznalati utasítás 18
- Ro instrucțiuni de utilizare 20
Похожие устройства
- Scarlett SC-JE50S27 Руководство по эксплуатации
- Кратон jse-04 3 03 02 005 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50S29 Руководство по эксплуатации
- Кратон pd-1200-13/2p 3 02 01 025 Инструкция по эксплуатации
- Кратон pd-1100-13/2p 3 02 01 024 Инструкция по эксплуатации
- Кратон esdd-280/24 3 02 01 029 Инструкция по эксплуатации
- Кратон esdd-280/16 3 02 01 028 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50S14 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50S34 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50S35 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50P01 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SL-CM53001 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-CM33007 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-CM33006 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-CG44502 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-CG44501 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-IM22255 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45M11 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45M10 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45S47 Руководство по эксплуатации