Scarlett SC-IM22255 Руководство по эксплуатации онлайн [12/26] 206111
![Scarlett SC-IM22255 Руководство по эксплуатации онлайн [12/26] 206111](/views2/1245021/page12/bgc.png)
IM015
www.scarlett.ru SC-IM22255
12
Аспапты, қоректендіру негізі мен бауын суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер осындай
жағдай орын алғанда, құрылғыны дереу электр желісінен ажыратыңыз және аспапты одан әрі қолдану
үшін оның жұмыс істеу қабілетін және қауіпсіздігін білікті маманға тексертіңіз.
Қоректендіру бауы зақымдалған жағдайда, қауіптің алдын алу үшін өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет
көзсету орталығы немесе білікті маман оны алмастыруы қажет.
Қоректендіру бауының үшкір жиектер мен ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
Қоректендіру желісінен құрылғыны ажырату кезінде, ашаны қолмен ұстап тұрыңыз, қоректендіру бауынан
тартпаңыз.
Құрылғыны әрқашан құрғақ тегіс бетке орнату қажет. Аспапты ыстық тегістіктерге, сондай-ақ от көздері
(мысалы, электрлі плита) мен перделердің жанына немесе ілулі сөрелердің астына орнатпаңыз.
Қосулы аспапты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Балалардың құрылғымен ойнауын болдырмау үшін оларды қатаң қадағалау қажет.
Құрылғыны өздігіңізден жөндеуге немесе оның қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға тырыспаңыз.
Ақаулық табылған жағдайда жақын Қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Егер бұйым белгілі бір уақыт аралығында 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны қоспастан
бұрын бөлме жағдайында 2 сағаттан кем емес уақыт ұстау қажет.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның құрылымына, оның қауіпсіздігіне, жұмыс істеу қабілеті мен
қызметіне түбегейлі әсер етпейтіндей азғантай өзгерістер енгізу құқығын сақтап қалады.
Аспап контейнерімен жұмыс барысында үшкір заттар мен ас үй аспаптарын пайдаланбаңыз. Егер құрылғы
қосулы болса, (ауыстырғыш «O» қалпында тұрған болса), резеңке немесе ағаш күрекшені қолдануға
болады.
Балмұздаққа арналған контейнерді жылытуға, плитканың үстіне қоюға, духовка шкафына немесе шағын
толқынды пешке салуға қатаң тыйым салынады.
Негізгі блокты тоңазытқыш немесе мұздатқыш камераларға салмаңыз.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген
ДАЙЫНДАУ
Бұйымды бумадан шығарып, барлық орауыш материалдарды алып тастаңыз.
Балмұздаққа арналған контейнерді, қақпағы мен араластырғышын ыдыс жууға арналған сұйықтық қосып,
жылы сумен жуыңыз.
Бөлшектерін ағын сумен мұқият жуып, құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Негізгі блок пен электр қозғалтқышын суға батырмаңыз! Негізгі блокты тазалау үшін
дымқыл матаны пайдаланыңыз.
КОНТЕЙНЕРЛЕРДІ ҚАТЫРУ
Температурасы –18 °С шамасындағы мұздатқыш камерада қатырыңыз.
Дұрыс қатырылған контейнерлер балмұздақты сәтті дайындауға себеп болады.
Контейнер қабырғаларының арасында сұйықтық бар. Қатыру сапасын тексеру үшін контейнерді шайқаңыз.
Егер дұрыс қатырылған болса, қабырғалардың арасындағы сұйықтық қатып қалады.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін контейнерді мұздатқыш камерананың артқы қабырғасына тігінен
орналастыру қажет (бұл жерде камераның температурасы ең төмен).
Контейнерді толық қатыруға қажетті уақыт (орташа алғанда 8 сағаттан кем емес) мұздатқыш камераның
температурасына байланысты. Балмұздаққа арналған контейнерді мұздатқыш камераға бір түнге
қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Контейнерді мұздатқыш камерадан шығарғаннан кейін бірден қолдану қажет. Оның ысып
кетуіне жол бермеңіз.
АСПАПТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Негізгі блоктың түбін жоғары аударып, қалақты араластырғыштың білігін саңылауға орналастырыңыз
(Сур.1).
Негізгі блокқа мөлдір қақпақты бекітіңіз. Қалақты араластырғыштың білігін ортаңғы саңылауға блоктың
кеңірек тұсынан орналастыру қажет (Сур.2).
Мөлдір қақпақты блоктың жіңішкерек тұсынан бекітіңіз. Қақпақ тырс еткенге дейін айналдырыңыз (Сур.3).
Қалақты араластырғыштың білігіне шайқағышты орнатып, оны артқа айналдырыңыз (Сур.3).
Мұздатқыш камерадан балмұздаққа арналған контейнерді шығарыңыз.
Негізгі блок пен қалақты араластырғышты балмұздаққа арналған контейнерге орнатыңыз (Сур.4).
Ілмектерді бекітіңіз (Сур.5).
БАЛМҰЗДАҚ ДАЙЫНДАУ
Келтірілген рецептілердің ішіндегі біреуі бойынша қоспаны алдын ала дайындап алыңыз.
«ҚОСУ./СӨНДІРУ.» ауыстырғышын «I» қалпына келтіріңіз.
Балмұздаққа арналған сұйық қоспаны саңылау арқылы балмұздаққа арналған контейнерге тезірек
құйыңыз.
Құрылғыны қосулы күйінде шамамен 20-40 минут қойыңыз. Жұмыстың максималды уақыты – 40 минут.
Содержание
- Instruction manual руководство по эксплуатации інструкція з експлуатації жабдық нұсқауы 1
- Sc im22255 1
- Descrierea aparatului 2
- Description 2
- Gaminio konstrukcija 2
- Izstrādājuma uzbūve 2
- Termék szerkezete 2
- Toote ehitus 2
- Бұйымның құрылысы 2
- Устройство изделия 2
- Устрій виробу 2
- Gb instruction manual 4
- Rus руководство по эксплуатации 6
- Ua інструкція з експлуатації 9
- Kz жабдық нұсқауы 11
- Est kasutusjuhend 14
- Lv lietošanas instrukcija 16
- Lt eksploatavimo vadovas 19
- H használati útmutató 21
- Ro instrucţiuni de utilizare 24
Похожие устройства
- Scarlett SC-MG45M11 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45M10 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45S47 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45S45 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45S48 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45S49 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45S50 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-HM40B02 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-HM40S04 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-HM40S06 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-HM40S07 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MW9020S04D Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MW9020S01D Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-MW9020S01M Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-KG22601 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-KG226T99 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-EG350M01 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-HP700S01 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-HP700S02 Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-HP700S11 Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения