Scarlett SC-JB146P02 [8/8] Импульстік режим ice pulse

Scarlett SC-JB146P02 [8/8] Импульстік режим ice pulse
IM014
www.scarlett.ru SC-JB146P02
8
ИМПУЛЬСТІК РЕЖИМ (ICE/PULSE )
Қосқышты «ICE/PULSE» қалпын ауыстырыңыз да, ұстап тұрыңыз, қосқыш осы қалыпта тұрған уақыт бойы
блендер жұмыс істеп тұра береді.
Жылдамдықтарды ауыстырып-қосқышты «0» қалпына қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: аспаптың асқын қызып кетуіне жол бермеу үшін үздіксіз жұмыс уақыты 3 минуттан аспауға
тиіс. Содан кейін аспап сууы үшін жұмыста біраз уақыт үзіліс жасау керек.
Блендер жұмыс істеп тұрған кезде кез келген керек-жарақты ағытып алуға тыйым салынады.
МҰЗ ҰСАҚТАУ
Импульстік режимді мұз ұсақтау үшін пайдалануға болады.
Мұздың ірі кесектерін блендердің шарасына салыңыз да, аздап су құйыңыз, бұл мұздың үгітілмеуі үшін қажет.
Жылдамдықтарды ауыстырып-қосқышты «ICE/PULSE» қалпына қойыңыз.
Мұз кесектері керекті мөлшерге дейін ұсатылғанда, блендерді өшіріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз да,
құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз.
Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
Қатқыл жөке, қырғыш және күшті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі талаптарды орындаңыз.
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.
Скачать