Scarlett SC-SF111RC07 [6/8] Kz kz жабдық нұсқауы
![Scarlett SC-SF111RC07 [6/8] Kz kz жабдық нұсқауы](/views2/1245425/page6/bg6.png)
IM015
www.scarlett.ru SC-SF111RC07
6
KZ ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға сенім
артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған
жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс
етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі
өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Пайдалану нұсқаулығын зейін қойып оқып шығыңыз да, анытамалық материал ретінде сақтап қойыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаса, бұл оның бұзылуына әкелуі және пайдаланушыға зиян келтіруі мүмкін.
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамаларының электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқаулығына сәйкес, аспапты тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану керек. Құрылғы өнеркәсіптік
мақсатта қолдануға арналмаған.
Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, электр желісінен әрқашан ажыратып қойыңыз.
Электр тоғы соғуына және от тұтануына жол бермеу үшін аспапты суға немесе басқа сұйық заттарға матырмаңыз. Егер
ондай жағдай орын алса, бұйымды ҚОЛМЕН ҰСТАМАҢЫЗ, оны дереу электр желісінен ажыратыңыз да, тексеру үшін
Сервис орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны жуынатын бөлмелерде немесе судың жанында пайдалануға болмайды.
Аспапты жылу көздеріне жақын жерде орналастырмаңыз.
Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік берген сервис
орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкер іске асыруға тиіс.
Қорек сымының өткір жиектер мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек сымынан ұстап тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғынығ корпусын айналдыра орамаңыз.
Аспаптың кескіш бөлшектеріне жанасудан аулақ болыңыз. Жұмыс істеп тұрған желдеткіштің қорғағыш торына
қарындаштарды немесе басқа заттарды сұғуға болмайды.
Қорғағыш торлар орнатылмаған желдеткішті тоққа қоспаңыз.
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге немесе қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға әрекет жасамаңыз. Ақаулық анықталған
жағдайда жақын жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамасында, сондай-ақ ілеспе құжаттамада көрсетілген.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚҰРАСТЫРУ
Желдеткіш бөлшектелген күйде жеткізіледі. Құрастыруды бастар алдында жеткізілім жинағының толық екеніне, ал
құрастырылатын бөлшектердің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
Аспапты алдын ала толық құрастырып алмай тұрып электр желісіне қоспаңыз.
Тағанды тұғырға орнатыңыз.
Электрлік қозғалтқыш пен басқару блогын штангаға орнатып, В бұрандасымен бекітіңіз.
Артқы тордың бекіткіш сомынын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз да, оны желдеткіштің білігінен алыңыз.
Артқы торды желдеткіштің білігіне кигізіңіз.
Білікке артқы тордың сомынын бұраңыз да, қатайтып тартыңыз.
Қалақтарды бекіткішке дейін жететіндей етіп білікке орнатыңыз.
Оларды бекіту үшін қалақтардың бекіткіш сомынын сағат тілінің бағытына қарсы тартып бұраңыз.
Алдыңғы тордың ортаңғы тұсында орналасқан логотип көлбеу орналасатындай етіп алдыңғы және артқы торларды
дәлдеп келтіріңіз де, оларды шеңбердің бойымен құрсаумен қосып бекітіңіз.
Желдеткішті еңкейту бұрышын бұрандамен бекітіңіз.
Желдеткіш жұмысқа дайын.
ЖҰМЫСЫ
ТҮЙМЕЛЕР:
On/Speed – желдеткішті іске қосу, өшіру түймесі/қалақтардың айналу жылдамдығын ауыстыру түймесі; 3 – ең жоғары
айналу жылдамдығы; 2 – орташа айналу жылдамдығы; 1– ең төмен айналу жылдамдығы.
Timer – желдеткіштің жұмыс уақытын орнату түймесі; ең көп уақыт 9 сағатты құрайды; әр басқан сайын 1 сағат жұмыс
уақыты қосылып отырады.
Swing – бұрылу режимі.
Off – желдеткішті өшіру түймесі.
ЖАРЫҚ ИНДИКАТОРЛАРЫ:
Time,h – желдеткішті өшіру уақытын бағдарламалау.
Speed – қалақтардың айналуы;
3 – ең жоғары айналу жылдамдығы;
2 – орташа айналу жылдамдығы;
1 – ең төмен айналу жылдамдығы;
Содержание
- Sc 177 1
- Sc sf111rc07 1
- 220 240 v 50 hz 2
- Www scarlett ru sc sf111rc07 2 2
- Класс защиты ii 45 w 4 5 kg 2
- Rus руководство по эксплуатации 3
- Www scarlett ru sc sf111rc07 3
- Ua інструкція з експлуатації 4
- Www scarlett ru sc sf111rc07 4 4
- Заходи безпеки 4
- Www scarlett ru sc sf111rc07 5 5
- Kz kz жабдық нұсқауы 6
- Www scarlett ru sc sf111rc07 6 6
- Do not leave the switched on appliance unsupervised 7
- Fix the motor and control box on the extension pole with the screw b 7
- Gb instruction manual 7
- In accordance with the present instruction manua 7
- Read carefully instruction manual and keep it for further referenc 7
- Set up the stand tube to stand base 7
- Unscrew fixing screw of the rear grille and take it off the motor shaft 7
- Www scarlett ru sc sf111rc07 7 7
- Adjust the fan tilt angle adjustment screw 8
- Place blades on shaft so that they touch the fixing mechanism 8
- Place rear grille on the motor shaf 8
- Put front grille and rear grille so that the logo in the middle of the front cover takes the horizontal position and fasten them 8
- The fan is ready for operation 8
- Tighten nut of the rear grille on the shaft 8
- To secure them tighten the blades cap counterclockwise 8
- With the hoo 8
- Www scarlett ru sc sf111rc07 8 8
Похожие устройства
- Scarlett SC-SF111RC05 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111B03 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111B05 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111B06 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111B07 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111B08 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111B10 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111B11 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SF111T01 Инструкция по эксплуатации
- Orion пн-70 5023 12-220в, 900вт, usb Инструкция по эксплуатации
- Orion пн-60 5022 12-220в, 450вт, usb Инструкция по эксплуатации
- Orion пн-50 5021 12-24в, 10а Инструкция по эксплуатации
- Orion пн-40 5020 12-24в, 5а Инструкция по эксплуатации
- Orion пн-30 5019 24-12в, 30а Инструкция по эксплуатации
- Orion пн-20 5018 24-12в, 20а Инструкция по эксплуатации
- Orion 5066 500а, 4.5м, хладост, в сумке Инструкция по эксплуатации
- Orion 5039 500а, 3м, хладост, в сумке Инструкция по эксплуатации
- Orion 5038 350а, 2.5м, хладост, в сумке Инструкция по эксплуатации
- Orion 5037 250а, 2м, хладост, в сумке Инструкция по эксплуатации
- Orion 5036 200а, 2м, хладост, в сумке Инструкция по эксплуатации