LG G5 SE (H845) [315/598] Балалар

10Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
Ұшаққа мінер алдында, қалта телефонын сөндіріңіз.
Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балалар
Телефонды кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Оның құрамында ажыратылған жағдайда тұншығу қаупін төндіретін кішкентай
бөлшектер бар.
Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан шалынбай
қоюы мүмкін. Сондықтан төтенше қоңыраулар шалу үшін тек осы телефонға
сенім артуға болмайды. Жергілікті қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Батарея ақпараты жəне күтімі
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа
батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін жад
әсері жоқ.
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG
зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз. Алмастырудан бұрын
батареяны жүздеген рет зарядтауға болады.
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған
батареяны зарядтаңыз.
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері әсер
беруі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать