LG L Bello (D335) [319/492] Бейне баптаулар

LG L Bello (D335) [319/492] Бейне баптаулар
65
Бейне баптаулар
Галерея — сақтаулы бейне жазбалардың галереясына кіретін
орын. Оларды көруге, достарыңызбен бөлісуге және жоюға және
өзгертуге болады.
1 Негізгі экранда сақтау орнына сақталған бейнелерді көру үшін
Қосымшалар пернесі > Галерея түймесін түртіңіз.
X Басқа альбомдарды көру үшін солға-оңға өтіңіз.
2 Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз.
(Альбомдағы суреттер мен бейнелер хронологиялық ретпен
көрсетіледі.)
3 Бейнені көру үшін оны түртіңіз. Мына баптаулар өтуге болады:
X QSlide: көп тапсырманы оңай орындау үшін телефонның
дисплейінде қабаттастыруға мүмкіндік береді.
X Мәзір: Screen ratio (Экран арақатынасы), Subtitles
(Субтитрлер), Share (Бөлісу), Settings (Баптаулар), Details
(Мәліметтер) опцияларына қатынасу үшін түртіңіз.
X Экран түсіру: бейне көрсетіліп жатқанда экранды түсіріп
алады.
ЕСКЕРТПЕ. > Баптаулар > Экран суреті қосулы опциясын түртіңіз.
X Дыбыс деңгейі: дыбыс деңгейінің сырғытпа жолағын
көрсету үшін түртіңіз, одан кейін сырғытпа жолағында ойнату
дыбыс деңгейін реттеңіз.
X Құлыптау/Құлып ашу: байқаусызда түртіліп кетпеуі үшін
сенсорлы пернелерді құлыптайды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать