Samsung HT-F5530K [106/177] Веб браузер пайдалану

Samsung HT-F5530K [106/177] Веб браузер пайдалану
Қазақша 47
|
06 Желі Қызметтері
2. Бағ-ды жаңарту параметрін таңдаңыз да,
E
түймесін басыңыз.
3. Құрылғы интернетте бағдарламаларыңыздың
жаңарақ нұсқаларын іздейді. Егер жаңа
бағдарламалар бар болса, Бағдарламаларды
жаңарту қалқымалы терезесі пайда болады.
4. Нақты бағдарлама үшін жаңартуды жүктеңіз,
бағдарламаны бөлектеңіз да,
E
түймесін
басыңыз. Бағдарламаның сол жағында құсбелгі
пайда болады.
5. Бағдарламадан таңдауды алу үшін оны бөлектеңіз
де,
E
түймесін басыңыз.
| ЕСКЕРТПЕ |
Бүкіл жаңартуларды таңдау үшін қалқымалы
терезенің оң жағында Барл-н таңдау параметрін
таңдаңыз да,
E
түймесін басыңыз. Бүкіл
жаңартулардан таңдауды алу үшін Бар. таң. бас т.
параметрін таңдаңыз да,
E
түймесін басыңыз.
6. Жүктеу керек жаңартуларды таңдағаннан кейін
қалқымалы терезенің оң жағында Жаңарту
параметрін таңдаңыз да,
E
түймесін басыңыз.
7.
Құрылғы сіз таңдаған жаңартуларды жүктейді.
Бағдарламаның жаңартуы жүктеліп жатқанда әр
бағдарлама белгішесінде жүктеу жолағы пайда болады.
Жүктеу жолақтары жоғалғанда жүктеу аяқталады.
Веб-браузер пайдалану
Интернетке веб-браузер бағдарламасын пайдаланып
қатынасуға болады.
Басты экранда Веб-браузер бағдарламасын таңдаңыз
да,
E
түймесін басыңыз.
| ЕСКЕРТПЕ |
Веб-шолғышты HDMI арқылы BD Wise үйлесімді
теледидарға қосылған өнімде іске қосқанда – және
BD Wise функциясы қосулы болғанда – шолғыш
экранды толтыратындай жазылады және теледидар
ажыратымдылығы оңтайлы ажыратымдылыққа
автоматты түрде орнатылады.
Веб-браузер Java қолданбаларымен үйлесімді емес.
Файлды жүктеуге тырыссаңыз және файлды сақтау
мүмкін емес болса, қате туралы хабар пайда болады.
Электрондық саудаға (өнімдерді желіде сатып алу)
қолдау көрсетілмейді.
ActiveX басқару элементтеріне қолдау көрсетілмейді.
Белгілі бір ұйымдар басқаратын кейбір веб-сайттарға
немесе веб-браузерлерге қатынас бұғатталуы мүмкін.
Сілтемелерді шолу және Меңзермен шолу
Веб-браузер шолудың екі түрін ұсынады, Меңзермен
шолу және Сілтемелерді шолу. Браузерді бірінші рет іске
қосқанда, Меңзермен шолу белсенді болады. Егер веб-
браузерде шарлау үшін тінтуірді пайдаланып жатсаңыз,
Меңзермен шолу параметрін белсенді күйде қалдыру
ұсынылады. Егер веб-браузерде шарлау үшін қашықтан
басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, Меңзермен шолу
параметрін Сілтемелерді шолу параметріне ауыстыру
ұсынылады. Сілтемелерді шолу веб-браузерде бөлектеуді
бір сілтемеден екіншісіне жылжытады және қашықтан
басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, Меңзермен шолу
параметрінен әлдеқайда тезірек болады.
Сілтемелерді шолу параметрін белсендіру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄►
түймелерін пайдаланып меңзерді экранның
жоғарғы оң жағындағы Сілтемелер шолғышы
белгішесіне жылжытыңыз. Сілтемелер шолғышы
белгішесі оң жақтан үшінші белгіше болады.
Белгіше көкке айналып, экранда «Сілтемелерді
шолу» сөздері пайда болса, меңзер дұрыс күйде
болады.
2.
E
түймесін басыңыз. Сілтемелерді шолу
параметрі белсендіріледі және веб-браузерді
ашқан сайын белсенді болады.
Басқару тақтасы туралы қысқаша
мәлімет
Экранның жоғарғы жағындағы басқару тақтасында
бірқатар пайдалы функцияларды іске қосатын бірқатар
белгіше бар. Белгішелер төменде экранның сол
жағындағы белгішеден бастап сипатталған.
1
http://www.samsung.com
100%
HT-F5530K_50K-RU_KAZ_0228.indd 47HT-F5530K_50K-RU_KAZ_0228.indd 47 2013-02-28 오후 6:39:392013-02-28 오후 6:39:39

Содержание