Samsung HW-F355 [39/69] Функциялар

Samsung HW-F355 [39/69] Функциялар
16
функциялар
1. Samsung теледидарын және Air Track жүйесін қосыңыз.
Теледидардың SoundShare Setting (SoundShare параметрі) мәзірінің Add New Device (Жаңа құрылғы
қосу) тармағын On (Қосу) мәніне орнатыңыз.
2.
Air Track режимін TV деп өзгерткенде, Bluetooth арқылы жұптауды жалғастыру керектігі туралы сұрайтын
хабар пайда болады. Теледидардың экранында "[Samsung] AirTrack" хабары пайда болады.
3. Теледидар экранында <Yes> (иә) пәрменін таңдаңыз, сонда Air Track жүйесімен жұптау аяқталады.
Жұптау орнатылғаннан кейін, ТД режимін басқа кіріс режимінен өзгерткенде ол теледидарға
автоматты түрде қосылады.
Air Track жүйесін теледидар режимінен кез келген басқа режимге өзгерту SoundShare қосылымын үзеді.
SAT құрылғысында бұрыннан бар жұптауды тоқтатып, SAT құрылғысын басқа теледидармен
жұптағыңыз келсе,
- Бар жұптауды болдырмау үшін теледидар кіріс режимінде SAT жүйесіндегі PLAY /PAUSE түймесін 5
секунд бойы басыңыз. Енді оны басқа теледидармен жұптауға болады.
SoundShare (Дыбысты бөлісу) режимінде теледидардың қашықтан басқару құралын да, SAT
құрылғысының қашықтан басқару құралын да пайдаланып, дыбыс деңгейін басқаруға немесе
дыбысты өшіруге болады.
Д SoundShare функциясының жұмыс ауқымы
- ұсынылған жұптау ауқымы: 50 см ішінде
- ұсынылған жұмыс ауқымы: 5 м ішінде
Егер SAT жүйесі мен Samsung теледидары арасындағы қашықтық 5 м-ден асса, қосылым
немесе дыбыс өшуі мүмкін. Егер бұл орын алса, Bluetooth құрылғысын жұмыс ауқымында
қайтадан қосыңыз.
Бұл функцияны пайдаланбай тұрып Samsung ТД SoundShare режимі қосулы екенін тексеріңіз.
PLAY, NEXT, PREV, STOP (ОЙНАТУ, КЕЛЕСІ, АЛДЫҢҒЫ, ТОҚТАТУ) түймелері SoundShare
(Дыбысты бөлісу) режимінде жұмыс істемейді.
Bluetooth Standby On (Күту режимін қосу) функциясы
- Air Track мүмкіндігі теледидар мен Air Track мүмкіндігін SoundShare функциясымен қоссаңыз,
теледидар қосылғанда автоматты түрде қосылады
- AirTrack өшірулі кезде алдыңғы панельде (
) түймесін басу арқылы осы функцияны қосуға/
өшіруге болады.
Бұл функцияны өшірсеңіз, өнім автоматты түрде өшеді, бірақ автоматты түрде
қосылмайды.
SoundShare функциясына 2012 жылдан кейін шығарылған Samsung теледидар үлгілері
қолдау көрсетеді. Теледидар бұл функцияға қолдау көрсететіндігін тексеріңіз. Қосымша
ақпаратты теледидардың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
USB
1.
USB құрылғысын құрылғының жанындағы USB портына жалғаңыз.
2.
Air Track құралының алдыңғы панеліндегі
( ) түймесін
USB пайда болғанша қайталап баса беріңіз.
3.
Экранда USB жазуы көрсетіліп, өшеді.
Crystal Surround Air Track қосылымы аяқталды.
20 минутқа дейін ешбір USB құрылғысы жалғанбаса, ол автоматты түрде өшеді (Auto Power Off).
USB құрылғысын қоспас бұрын
Мыналарды ескеріңіз:
USB құрылғысындағы қалтаның файл атауы 10 таңбадан
асатын болса, ол OLED экранында көрсетілмейді.
Өнімнің USB жад құралының арнайы түрлерімен үйлесімді
болмауы мүмкін.
FAT16 және FAT32 файл жүйелеріне қолдау бар.
- NTFS файлдық жүйесіне қолдау жоқ.

Содержание