Candy ckbc 3350e/1 [18/26] Іске пайдалану

Candy ckbc 3350e/1 [18/26] Іске пайдалану
1-ші сурет
2-ші сурет
5
3-ші сурет
Бұл электр аспапты дұрыс кəдеге жарату өзінің мерзімін өткерген бұйым дұрыс
кəдеге жаратылмаған жағдайда орын алуы мүмкін қоршаған ортаға жəне
адамдардың денсаулығына теріс əсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Электр аспапты дұрыс кəдеге жаратқан кезде құнды шикізаттық материалдарды
қалпына келтіруге болады.
Электр аспапта электр жəне электрондық жабдықты кəдеге жаратуға қатысты
2012/19/ЕU еуропалық директивасының (WEEE) талаптарына сəйкес
орындалған таңбалама бар. Электр аспапта символ өзінің мерзімін өткерген
электр аспап əдеттегі тұрмыстық қалдықтар секілді лақтырып тасталмауға тиіс,
бірақ электр жəне электрондық жабдықты екінші қайтара пайдалануды жүзеге
асыру үшін жақын жердегі жинау пунктіне жөнелтілуге тиіс екенін көрсетеді.
Кəдеге жарату жергілікті қалдықтарды əкету ережелеріне сəйкес жүзеге
асырылуға тиіс.
Бұйымның құрамына кіретін материалдарды қайта өңдеуге, қалпына келтіруге
жəне қайтадан пайдалануға қатысты толығырақ ақпарат алу үшін, құзыретті
органға (Экология жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі), қалдықтарды
əкетуді жүзеге асыратын қызметке немесе өзіңіз одан бұйымды сатып алған
сауда кəсіпорнына хабарласыңыз.
Қоректендіру бауын қиып алып, қоректендіру бауының ашасымен бірге
қалдықтарға тастаңыз.
Дұрыс кəдеге жаратуды жүзеге асыру үшін тоңазытқыштың түтіктерін зақымдап
алмаңыз, өйткені оларда тоңазытқыш агент болады.
Қапталымдық материалдарды кəдеге жарату жергілікті қалдықтарды əкету
ережелеріне сəйкес жүзеге асырылуға тиіс.
WEEE құрамына қоршаған ортаға теріс əсер етуі мүмкін қоршаған ортаны
ластайтын заттектер мен оларды екінші қайтара пайдалануға болатын негізгі
компоненттер кіреді. Қоршаған ортаны ластайтын барлық заттектерді дұрыс
кетіру жəне кəдеге жарату мен ондай материалдарды қалпына келтіру жəне
екінші қайтара пайдалану үшін, WEEE арнайы өңдеуге қатысты ақпаратқа ие
болған өте маңызды.
Адамдар WEEE қоршаған ортаны ластамауын қамтамасыз ету ісінде маңызды
рөл атқарады. Бұл орайда төмендегі негізгі ережелерді басшылыққа алу қажет:
-WEEE əдеттегі тұрмыстық қалдықтар секілді тасталмауға тиіс.
-WEEE муниципалдық билік органдары немесе тіркелген компаниялар
басқаратын тиісті жинау пункттеріне əкетілуге тиіс. Көп елдерде ірі WEEE
үшін үйден жинап əкету ұйымдастырылған.
- Жаңа электр аспапты сатып алған кезде ескі электр аспап егер
қайтарылатын жабдық жаңа жабдықпен бір типті жəне тап сондай
функцияларды атқаратын болса, "бірге бір" принципі бойынша тегін
қабылдауға тиіс дүкенге қайтарылуы мүмкін.
Тоңазытқыштан барлық орамаларды/қапталымды алып тастап, оның ішкі
беттерін ас содасы қосылған сумен мс немесе бейтарап сабын ерітіндісімен
жуып шығыңыз.Тоңазытқыш іске пайдаланылатын орнына орнатылғаннан кейін,
оған жаңа немесе мұздатылған өнімдерді қоймай тұрып,
тоңазытқыштың/мұздатқыштың қалыпты температурасы орнауы үшін 2-3 сағат
күте тұрыңыз.
Қоректендіру бауын электр желісінен ағытқан кезде, оны қайтадан қосардан
бұрын кем дегенде бес минут күте тұрыңыз. Содан кейін электр аспап жұмысқа
əзір болады.
•Электр аспапты басқаруға арналған термостат блогы тоңазытқыш
бөлімшенің ішінде орналасқан Термостаттың тұтқасын "0" қалпына
бұрыңыз. Тоңазытқыштың есікшелері ашылған кезде тоңазытқыштың
ішінде жарық жанады. Термостаттың тұтқасын "0" қалпына орнату
электр аспаптың толық ажыратылуына алып келеді
• Температураны реттеу екі бөлімшеде де термостаттың тұтқасын
айналдыру арқылы жүзеге асырылады (2-ші сурет).
Термостаттың тұтқасының керекті қалпын таңдаңыз:
• Тоңазытқыш пен мұздатқышта біршама төмен температура орнату
үшін, термостаттың тұтқасын 5 позициясының бағытына қарай бұрыңыз
•Тоңазытқыш пен мұздатқышта біршама жоғары температура орнату
үшін, термостаттың тұтқасын 0 позициясының бағытына қарай бұрыңыз
Өндіруші зауытта желдеткішті ажыратқыш ӨШІРУЛІ
(OFF) қалпына орнатылады.
Желдеткішті қосу үшін ажыратқыштың түймешігін басыңыз(3-ші сурет).
Электр энергиясын үнемдеу мақсаттарында желдеткішті тек қоршаған
ауаның температурасы 28-30°С градустан асқан уақытта қосуға кеңес
беріледі.
ЕСКЕРТУЛЕР:
• Бұл электр аспапты ылғалды жəне сыз үй-жайларда орнатпаңыз,
өйткені бұл электр оқшауламаның нашарлауына жəне токтың
жылыстауының түзілуіне əкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар,
тоңазытқыштың сыртқы беттерінде ылғал конденсатталуы мүмкін.
• Электр аспапты ашық ауада жəне жылу көздеріне жақын
орнатпаңыз, сондай-ақ оны тура күн көзінің əсерінен қорғаңыз.
Бұл электр аспап қоршаған ауаның температураларының
төмендегі көрсетілген диапазондарында қалыпты жұмыс істейді.
+ 10° C - + 32°C градус аралығында SN климаттық класы үшін
+ 16° C - + 32°C градус аралығында N климаттық класы үшін
+ 16° C - + 38°C градус аралығында ST климаттық класы үшін
+ 16° C - + 43°C градус аралығында T климаттық класы үшін
(Климаттық класс бұйымның төлқұжаттық табличкасында
көрсетілген)
• Тоңазытқыштың үстіне сұйық құйылған контейнерлерді
қоймаңыз.
• Электр аспапты біржола орнатқаннан кейін оны қосардан
бұрын кем дегенде 3 сағат күте тұрыңыз.
Электр аспап сіздің үйіңізге жеткізілгеннен кейін оны вертикалды қалпына
қойыңыз да, оны электр желісіне қосардан бұрын 2-3 сағат күте тұрыңыз.
Қоректендіру бауының ашасын электр розеткасына сұғардан бұрын,\
мыналарға көз жеткізіңіз:
• Электр розеткасының жерге тұйықтау контакты бар жəне
электротехникалық ережелер мен нормаларға сəйкес келеді.
• Электр розеткасы тоңазытқыштың төлқұжаттық табличкасында
көрсетілген оның максималды жүктемесіне (қуаттылығына) шыдайды.
• Электр желісінің кернеуі тоңазытқыштың төлқұжаттық табличкасында
көрсетілген қоректендіру кернеулерінің диапазонының шектерінен
шықпайды.
• Қоректендіру бауының бүктелген жəне жаншылған жерлері жоқ.
• Қоректендіру бауын тексеру жүйелі түрде жүзеге асырылып отыруға тиіс
жəне оны ауыстыруды тек уəкілетті сервистік орталықтың бекітілген
маманы жүзеге асыруға тиіс.
• Егер аталған қауіпсіздік шаралары сақталмаса, онда өндіруші оның
теріс салдары үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Бұл электр аспап тағам өнімдерін сақтауға арналған жəне
(ЕО) № 1935/2004 еуропалық ережелердің талаптарына
сəйкес жасап шығарылған. Бұл бұйым 2004/1 08/ЕО, 2006/95/ЕО
еуропалық директивалардың жəне аталған директиваларға
келешектегі толықтырулардың талаптарына сəйкес келеді.
Бұл электр аспап тағам өнімдерін сақтауға арналған жəне
Кедендік Одақтың төмендегі техникалық регламенттеріне
сəйкес келеді:
- ҚО ТР 004/2011 «Төмен вольтті жабдықтың сəйкестігі туралы»
- КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік
үйлесімдігі»
Бұйым «РОСТЕСТ-МОСКВА» өнімдер мен қызметтерді сертификаттау
жөніндегі органында сертификатталған, Мəскеу қаласы.
Сіз сəйкестік сертификатының көшірмесін бұйым сатып алынған
дүкеннен немесе candymow@candy.ru электрондық поштасы бойынша
сұрау жасап алуыңызға болады.
Ескі электр аспапты кəдеге жарату
Сəйкестік декларациясы
Тоңазытқы
шты қосу
Қосу/Өшіру (дисплейі жоқ модель)
Температураны реттеу (дисплейі жоқ модель)
Тоңазытқыш бөлімшедегі желдеткіш
(модельдердің барлығында бірдей бола бермейді)
ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ
Электр желісіне қосу
ОРНАТУ
KAZ 16

Содержание

Похожие устройства

Скачать