Philips GC7808/40 [124/130] Philips компаниясының ерекше технологиясы

Philips GC7808/40 [124/130] Philips компаниясының ерекше технологиясы
126
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды
толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын және жылдам бастау
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
Өнімге жалпы шолу (1-сурет)
1 Су жеткізу шлангісі
2 Бу шығарғыш/буды күшейту
3 «Үтік дайын» жарығы
4 Үтіктің табаны
5 Үтіктің түпқоймасы
6 Тасымалдау бекітпесін босату түймесі
7 Су ыдысын толтыру есігі
8 Су жеткізу шлангісін сақтау орны
9 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
10 Шамы бар ҚАҚ ТАЗАЛАУ түймесі
11 Қуат қосу және авто өшіру шамы бар қосу/өшіру түймесі
12 Жарығы бар ECO түймесі
13 Зерделі қақ тазалау ыдысы
Philips компаниясының ерекше технологиясы
OptimalTEMP технологиясы
OptimalTEMP технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік температурасын реттеусіз және киімдерді
сұрыптаусыз кез келген ретте үтіктеуге мүмкіндік береді.
Ыстық табаны кері үтік түпқоймасына қоймай тікелей үтіктеу тақтасына (сурет 2) қойған дұрыс. Бұл білектегі
қысымды азайтуға көмектеседі.
The Woolmark Company Pty Ltd компаниясы бұл үтікті тек жүннен
жасалған өнімдерді үтіктеуге қолдануды бекіткен. Тек киімді
киім жапсырмасындағы және осы үтік өндірушісінің нұсқауларына
сай үтіктеу керек. R1603. Woolmark нышаны көптеген елдерде
сертификаттау белгісі болып табылады.
Compact ProVelocity технологиясы
Бұл технология бүктеліп қалған қыртыстарды жеңіл кетіру үшін терең енетін үздіксіз буды жеткізеді. Дәл сол
уақытта оңай сақтай алу үшін құралды дәстүрлі бу генераторларына қарағанда барынша ықшам және жеңіл күйде
сақтайды.
Пайдалануға дайындау
Пайдаланылатын су түрі
Бұл құрылғы құбыр суымен пайдалануға арналған. Дегенмен, егер қатты су аймағында тұрсаңыз, қақ жылдам пайда
болуы мүмкін. Сондықтан, құрылғының қызмет мерзімін ұзарту үшін дистильденген немесе минералсызданған суды
пайдалану ұсынылады.
Қазақша

Содержание

Скачать