Canon Selphy CP1000 White [19/32] Қауіпсіздік ескертулері қауіпсіздік ескертулері

Canon Selphy CP1000 White [19/32] Қауіпсіздік ескертулері қауіпсіздік ескертулері
Қауіпсіздік ескертулері
Қауіпсіздік ескертулері
Өнімді қолданбас бұрын төменде берілген қауіпсіздік ескертулерін оқып шығыңыз.
Өнімнің дұрыс қолданылуын бақылаңыз.
Келесі беттегі қауіпсіздік ескертулері өзіңізді немесе басқаларды жарақаттаудың
алдын алу жəне құралды зақымнан сақтау үшін жазылған.
Бөлек сатылатын қосалқы құралдармен берілген нұсқаулықтарды да міндетті түрде
оқыңыз.
Ескерту
Қатты жарақат немесе өлім қаупі барын көрсетеді.
Бұл құралды балалар мен сəбилердің қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Байқаусыз баланың мойнына іле салған қуат сымы баланың тұншығуына əкелуі мүмкін.
Тек ұсынылған қуат көздерін қолданыңыз.
Өнімді бөлшектеуге, өзгертуге немесе жылытуға болмайды.
Принтерді құлатып алудан немесе зақым келтіретін затқа соғып алудан сақтаңыз.
Жарақаттанудан абай болыңыз, өнімді соғып немесе бұзып алмасаңыз,
принтердің ішкі жағын қозғамаңыз.
Егер өнім түтіндесе, бейтаныс иіс шығарса немесе дұрыс жұмыс істемесе,
бірден қолдануды тоқтатыңыз.
Өнімді тазалау үшін алкоголь, бензин немесе бояу ерітіндісі сияқты
органикалық ерітінділерді қолдануға болмайды.
Өнімге су (мыс: теңіз суы) немесе басқа сұйықтық тигізбеңіз.
Өнімге сұйықтық немесе бөтен заттар кіргізбеңіз.
Бұл электр тогының соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Егер өнімге су тисе, өнімді қуат көзінен суырып, сатушыға немесе Canon
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Найзағай кезінде принтерді немесе қуат ашасын ұстамаңыз.
Бұл электр тогының соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін. Құралды пайдалануды
тоқтатыңыз да, құралдан алыс кетіңіз.
Қуат сымын қуат көзінен жиі суырып, қуат ашасын, қуат розеткасының сыртын
жəне айналасын құрғақ шүберекпен сүртіп, шаңнан тазалап тұрыңыз.
Қуат сымын ылғал қолдарыңызбен ұстамаңыз.
Құралды электр розеткасының немесе байланыс құралдарының номиналды
сыйымдылығынан асатын жолмен қолданбаңыз. Егер қуат сымы немесе ашасы
зақымданса, не болмаса розеткаға толық кірмесе, қолданбаңыз.
Кір немесе темір заттардың (түйреуіш немесе кілт сияқты) терминалдарға
немесе ашаға тимеуін қадағалаңыз.
Қуат сымын кесуге, зақымдауға, өзгертуге немесе үстіне ауыр зат қоюға болмайды.
Бұл электр тогының соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Берілген CD-ROM дискілерін деректер CD-ROM дискілерін қолдамайтын ықшам
диск ойнатқыштарында ойнатпаңыз.
Ықшам диск ойнатқышында ойнатылған CD-ROM дискілерінің қатты дыбысын құлақаспаппен
тыңдаудан есту қабілеті жоғалуы мүмкін. Оған қоса, CD-ROM дискілерін дыбыс ықшам диск
ойнатқышында (музыка ойнатқыш) ойнату үндеткіштерді зақымдауы мүмкін.
3

Содержание

Похожие устройства

Скачать