Panasonic PT- LW362E [9/114] Русский 9

Panasonic PT- LW362E [9/114] Русский 9
Важные замечания!
РУССКИЙ - 9
САҚТЫҚ:
ҚУАТ
Қуат сымын ажыратқан кезде, қуат ашасын және қуат қосқышын ұстағаныңызға көз жеткізіңіз.
Егер қуат сымы өздігінен ажыратылып қалса, сым зақымдалады, өрт, қысқа тұйықталу немесе электр
тогының соғуы мүмкін.
Егер проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған кезде, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Солай жасау өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау және бөлшектерін ауыстырудан бұрын, қуат ашасын розеткадан
ажыратыңыз.
Солай жасау электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ/ОРНАТУ
Проектордың үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
Бұл шараны орындамау проектордың деңгейсіз болуы және құлауы мүмкін, нәтижесінде зақымға немесе жарақатқа
себеп болады. Проектор зақымдалады немесе бүлінеді.
Проекторға салмақ салмаңыз.
Құлап кетіп, проекторды зақымдайсыз, нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
z
Кішкентай балалардың бұл проектордың үстіне тұруына немесе отыруына жол бермеңіз.
Проекторды тым қатты ыстық жерге орнатпаңыз.
Солай жасау сыртқы корпусының немесе ішкі құрамдас бөліктерінің тозып, өртке себеп болуы мүмкін.
z
Тікелей күн сәулесі түскен немесе пештердің жанында аса мұқият болыңыз.
Проекторды тұз немесе коррозивтік газ әсер етуі мүмкін жерге қоймаңыз.
Бұлай істеу коррозияға байланысты проектордың ақаулы болуына әкелуі мүмкін.
Проектор жұмыс істеп тұрған кезде объективтен алдында ешқандай зат қоймаңыз.
Солай жасау өртке немесе заттың зақымдалуына және проектордың жұмыс істемей қалуына себеп болады.
z
Проектордың объективінен өте қатты жарық шығады.
Проектор жұмыс істеп тұрған кезде объективтен алдында тұрмаңыз.
Солай жасау киімге зақым келтіруі және күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
z
Проектордың объективінен өте қатты жарық шығады.
Проекторды жылжытудан бұрын әрдайым барлық кабельдерді ажыратыңыз.
Кабельдері жалғаулы проекторды жылжыту салдарынан кабельдер зақымдалады, бұл өрт немесе электр тогының
соғуына себеп болады.
Проекторды төбеге орнатқан кезде, орнату бұрандаларын және қуат сымын төбенің ішіндегі темір заттарға
тигізбеңіз.
Төбенің ішіндегі темір заттарға тисе, электр тогының соуғына себеп болады.
Гарнитураларды және құлаққаптарды <VARIABLE AUDIO OUT> ұясына ешқашанда қоспаңыз.
Құлаққаптан шыққан шамадан тыс дыбыс қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп болады.
КЕРЕКАРАҚТАР
Ескі шам құрылғысын пайдаланбаңыз.
Егер пайдаланылса, шамның жарылуы мүмкін.
Егер шам сынса, бөлмені дереу желдетіңіз. Сынған бөліктерге қол тигізбеңіз немеес бетіңізді жақындатпаңыз.
Бұл шараны орындамау, пайдаланушының шам сынған кезде шыққан газды ішіне тартуы мүмкін, оның
құрамында флуоресцентті шамдарындағыдай бірдей мөлшерде сынап бар, ал сынған бөліктерден
жарақат алуыңыз мүмкін.
z
Егер газды ішке тартып алсаңыз немесе газ көзіңізге не аузыңызға кірсе, дереу дәрігерге қаралыңыз.
z
Шам құрылғысын ауыстыру туралы сатушыдан сұраңыз және проектордың ішін тексеріңіз.
Егер проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, қашықтан басқару пультіндегі батареяларды алып
тастаңыз.
Бұл шараны орындамау, батареялардың ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе жарылуына себеп болады, соның
нәтижесінде өрт орын алуы немесе айнала ластануы мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Проектордың ішкі жағын жылына бір рет тазалау туралы ақпаратты дилеріңізден сұраңыз.
Ішіне шаң жиналған проекторды пайдалана беру өртке себеп болуы мүмкін.
z
Тазалау ақысын дилеріңізден сұраңыз.
ЕСКЕРТУ:
Берілген қуат сымын осы проектордан басқа құрылғылармен пайдаланбаңыз.
z
Берілген қуат сымын басқа құрылғылармен пайдалану қысқа тұйықталуға, қызып кетуге, электр тогының соғуына
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Қолданылған батареяларды қашықтан басқару пультінен дереу алып тастаңыз.
z
Батареяларды құрылғының ішінде қалдыру батареялардың ағуына, шамадан тыс қызуына немесе жарылуына
себеп болады.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения