Whirlpool ADP 522 WH Инструкция по эксплуатации онлайн [11/84] 255129

Whirlpool ADP 522 IX Инструкция по эксплуатации онлайн [11/84] 255128
11
жабу және айырды розеткадан ағыту
керек. Кез келген ақау байқалған кезде
де ажыратып қойыңыз.
Жөндеу және техникалық өзгеріс енгізу
жұмыстарын тек білікті мамандар
атқаруы тиіс.
Құрылғыны токтан ажырату үшін
розеткадан ажыратқанда, әрдайым
айырынан ұстап суырыңыз. Кабелінен
ұстап тартпаңыз.
Жырып алу қаупінің алдын алу
үшін, құрылғыны орнатқан кезде
арнайы биялай кию керек.
Қолданыстағы құрылғының артқы
жағына оңай қол жетпеу үшін, оны
қабырғаға немесе жиһазға жақындатып
қою керек.
Орама материалдарын балалардан
аулақ ұстаңыз; орама материалдарын
ойыншық сияқты қолдануға болмайды.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
етуге болмайды.
Жуғыш зат, шаюға көмекші зат пен
тұзды балалардан аулақ ұстаңыз.
Құрылғы тек тұрмыста қолданылуға
арналған.
Орнатып болғанша құрылғыны
қолдануға болмайды.
ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
Дұрыс жұмыс істемеген немесе
бұзылып қалған жағдайда, жерге
тұйықтау электр тогы үшін кедергісі
ең аз жолды қамтамасыз ету арқылы
ток соғу қаупін азайтады. Құрылғының
кабелі жабдықты жерге тұйықтайтын
өткізгіш пен жерге тұйықтау айырымен
жабдықталған.
Айыр жергілікті нормалар мен
ережелерге сәйкес орнатылған әрі
жерге тұйықталған тиісті розеткаға
қосылуы керек.
Құрылғыны розеткаға қосқанда, ұзарту
кабельдерін, адаптерлерді және
түрлендіргіш айырларды қолдануға
болмайды.
Жабдықты жерге тұйықтайтын
өткізгішті дұрыс қоспау салдарынан ток
соғу қаупі туындайды.
Құрылғы жерге дұрыс тұйықталғанына
сенімді болмасаңыз, білікті электр
маманына немесе қызмет көрсету
өкіліне хабарласыңыз. Құрылғымен
бірге берілген айыр розеткаға сәйкес
келмесе, оны түрлендіруге болмайды.
Білікті электр маманына тиісті розетка
орнатқызыңыз.
ДҰРЫС ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін оны
токтан ажырататын жерге (айырға) қол
жету мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Жуылатын заттарды салған кезде:
1 - Үшкір заттар салынғанда, олар есіктің
тығыздағышына зақым келтірмейтіндей
етіп орналастырылуы керек;
2 - ЕСКЕРТУ: Үшкір жерлері бар пышақтар
мен басқа құралдардың ұштарын/
жүздерін төмен қаратып немесе үшкір
жағын құрылғының артқы жағына
қаратып көлденеңінен ыдыс-аяқ
себетіне салынуы керек.
Автоматты ыдыс жуу машинасына
арналған жуғыш заттар мен шаю
қоспаларын ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ыдыс жууға арналған кейбір
жуғыш заттардың сілтілігі жоғары
болады. Жұтылса, олар өте қауіпті
болуы мүмкін. Дене мен көздеріңізге
тигізбеңіз және есігі ашық тұрғанда,
балаларды ыдыс жуу машинасынан
аулақ ұстаңыз. Жуу циклі аяқталғаннан
кейін жуғыш зат салынатын бөлік
босағанын тексеріңіз.
Ток кабеліне зақым келген болса,
қауіп-қатерге жол бермеу үшін, оны
өндіруші, қызмет көрсету маманы
немесе біліктілігі сондай дәрежеді адам
ауыстыруы керек.
Орнатқан кезде ток кабелін шамадан
тыс немесе қауіпті түрде майыстыруға
немесе туралауға болмайды. Басқару
элементтерін өзгертуге болмайды.
Қайта пайдалану мүмкін болуы
үшін, орама материалдарын жергілікті
заңдарды сақтай отырып тастаңыз.
Ыдыс жуу машинасын тек мақсатына
сәйкес түрде қолдану қажет.
Құрылғыны су желісіне жаңа
құбыршекпен жалғау керек. Ескі
құбыршектерді қайта қолдануға
болмайды.
Орын параметрлерінің ең көп саны өнім
парағында көрсетілген.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Бұл құрылғы қайта өнделетін
немесе қайта қолдануға болатын
материалдардан жасалған. Тастаған
кезде, жергілікті қоқыс тастау ережелерін
ұстану қажет. Қайта қолдану мүмкін
болмасын деп, тастар алдында ток

Содержание

Скачать