Whirlpool ADP 522 WH [81/84] Арнайы жуу циклдары мен опциялары

Whirlpool ADP 522 WH [81/84] Арнайы жуу циклдары мен опциялары
KZ
81
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
(таблеткалар-Tab)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін
оңтайландырады.
Turbo түймесі басылып тұрса, TAB функциясы қосылады.
Түйме қайтадан басылса, опциядан бас тартылады.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу
циклының мерзімін ұзартады.
MULTIZONE (мультизона) опциясы
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға
болады. Жуу циклын таңдап, одан кейін MULTIZONE түймесін
басыңыз: таңдалған тартпаға сәйкес келетін индикатор жанып,
тек жоғарғы немесе төменгі тартпада жуу циклы басталады.
Тек жоғарғы немесе төменгі тартпаны жүктеуді және
тиісті түрде жуғыш зат мөлшерін азайтуды ұмытпаңыз.
Ағызу
Қосылып тұрған циклды тоқтатып, одан бас тарту үшін,
Ағызу функциясын қолдануға болады.
START/PAUSE АСТАУ/ТОҚТАТЫП ҚОЮ) түймесі басылып
тұрса, АҒЫЗУ функциясы қосылады. Қосылып тұрған цикл
тоқтап, ыдыс жуу машинасындағы су ағызылады.
Балалардан қорғауға арналған қауіпсіздік
құлпы
Extra Dry түймесі басылып тұрса, ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ
функциясы қосылады. ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ функциясы басқару
тақтасын құлыптайды.ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ функциясын өшіру
үшін қайтадан басып тұру керек.
Ескертпелер:
«Rapid» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге
ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу арқылы қол жеткізуге
болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
хат жіберіңіз: contact@whirlpool.com
Қосымша кептіру опциясы (Extra Dry)
Ыдыс-аяқтың кебу деңгейін жақсарту үшін Extra Dry
(Қосымша кептіру) түймесін басыңыз; таңба жанады. Қайтадан
басылса, опциядан бас тартылады.
Соңғы шаю кезіндегі жоғарырақ температура мен ұзағырақ
кептіру кезеңі кебу деңгейін жақсартады.
Extra Dry option (Қосымша кептіру опциясы) жуу
циклының мерзімін ұзартады.
Turbo опциясы (Turbo)
Жуу және кептіру өнімділігінің деңгейін төмендетпей,
негізгі жуу циклдерінің мерзімін азайту үшін осы опцияны
қолдануға болады. Жуу циклын таңдағаннан кейін, Turbo option
(Шапшаң опциясы) түймесін басыңыз; тиісті индикатордың
жанып, оның таңдалғанын білдіреді. Одан бас тарту үшін
қайтадан басыңыз.
Жуу опциялары
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға, өзгертуге
немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес
келмесе
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
, тиісті таңба 3
рет жылдам жыпылықтайды.
Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы таңдалған
опция жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін тиісті
түймені тағы бір рет басыңыз.
Кешіктіріп бастау (Start Delay)
Бағдарламаның басталуын 0:30 және 24 сағат
аралығында кідіртуге болады.
1. Бағдарламаны және барлық қажетті параметрлерді
таңдаңыз. Бағдарламаның басталуын кідірту үшін
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін (қайталап) басыңыз. 0:30 - 24
сағат аралығында реттеледі. Түйме басылған сайын кідіртіп
бастау артады: таңдау 4 сағаттан төмен болса, 0:30, таңдау
12 сағаттан төмен болса, 1:00, таңдау 12 сағаттан жоғары
болса, 4 сағат. 24 сағатқа жетсе және түйме басылса, кідіртіп
бастау ажыратылады.
2. БАСТАУ/УАҚЫТША ТОҚТАТУ түймесін басыңыз: таймер
кері санай бастайды;
3. Осы уақыт өткеннен кейін, көрсеткіш шамы өшеді және
бағдарлама автоматты түрде басталады.
Кері сану уақытында БАСТАУ/УАҚЫТША ТОҚТАТУ түймесі
қайтадан басылса, КЕШІКТІРІП БАСТАУ параметрі
болдырылмайды және таңдалған бағдарлама автоматты
түрде басталады.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.

Содержание

Скачать